Аталған мерзім ішінде өңір басшысы өңірдегі бірқатар елді-мекендерді аралады, деп хабарлайды Toppress.
«Мен тағайындалған күннен бастап барлық аудан, қалалардың 68 елді мекенін, оның ішінде 16 шалғай ауылдарын араладым. Сондай-ақ, бұрын аудан орталықтары болған Шар қаласында, Баршатас, Таскескен және Қайнар ауылдарында болып, тұрғындардың тыныс тіршілігімен, ірі кәсіпорындардың, шаруа қожалықтарының жұмысымен және олардың өзекті мәселелерімен жақын таныстым. Өңірдің нақты жағдайы туралы Президентке баяндадым»,- деді Абай облыс әкімі Берік Уәли.