Ақмола облыстық Ардагерлер кеңесінің Астрахан ауданында өткізілген көшпелі президиум отырысында өткен Кеңестің жергілікті филиалдарының жарты жылдықтық жұмыс қорытындысы шығарылды, – деп хабарлайды Toppress.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының ережесін жүзеге асыруда және Жастар жылы аясында іс-шараларды өткізуде белсенділік танытқаны үшін бірқатар бастапқы ұйымдар және Ардагерлер кеңесінің облыстық филиалдары марапатталды.
Ақмола облыстық сотының тарихи мұражайының жетекшісі, ардагер-судьялар кеңесінің төрағасы, отставкадағы судья Мейрам Ғибәділов ардагерлер ұйымы жұмысына сіңірген еңбегі, еліміздің мәдени және әлеуметтік экономикалық дамуына белсенді қатынасқаны, жастарға патриоттық тәрбие бергені үшін Дипломмен мараптталды.
Республикалық "Ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов мұражайдың қызметін атап өтіп, ардагер-судьялар кеңесінің төрағасы Мейрам Ғибәділовке Диплом табыс етті.