Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталғалы жарты айдан астам уақыт өтті. Жер-жерде үгіт жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Әр деңгейдегі мәслихат депутаттарына үміткерлер түрлі форматта кездесулер өткізіп, берілген уақытты барынша тиімді пайдалануға әрекет етуде.
Сондай кездесулердің бірі Қарабөгет ауылында болды. Аудандық мәслихат депутатына үміткер кандидаттар Мұрат Түсіпов пен Аслан Кубентаевтың елді мекен тұрғындарымен кездесуінде «Nur Otan» партиясының Сарқан аудандық сайлауалды бағдарламасы да сөз болып, алдағы бес жылға жасалған жоспарлар сараланды.

Кездесуге жиналған тұрғындарға партияның бағдарламаларын жан-жақты таныстырған үміткерлер 10 қаңтарда ел болып, сайлауға қатысуға, өз таңдауларын бірге жасауға шақырды.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Сарқан ауданының сайлау қорынан төленді.










