Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты «Алтын ауыл» тұрғын үй кешенінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
“Nur Otan” партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына ұсынылған үміткерлер А.Әбсеметова, Д.Дигай мен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ж.Жазыкпаева, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қ.Айтжанов, А.Исаева, Е.Константинова, О.Чебоненко, М.Бигельдиева, А.Балажанова, Б.Сүнбеков және партияның сенімді өкілдері “Алтын ауыл” тұрғын үй кешеніне барып, тұрғындармен жүздесті.
Мәслихат депутаттығына үміткерлер «Алтын ауыл» тұрғын үй кешенінде тұрғындармен кездесіп әлеуметтік мәселелері талқыланды. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен насихатталды. Белсенділердің көмегімен сайлаушыларға арнайы үгіт материалдары таратылды.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Қарасай ауданының сайлау қорынан төленді.