"Қазгидромет" РМК Түркістан және Қызылорда облыстары бойынша Филиалдарымен жоспардан тыс атмосфералық ауа, радиациялық фон және жер үсті сулар бойынша сынамаларды алу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Toppress.kz.
Зерттеу жұмыстары 03.07.2019 жылы (09:00 ден 13:00 дейін) орын алды.
Атмосфералық ауа сынамалары 8 нүктеде 6 ластаушы заттар бойынша алынды:
- Төле би көшесі
- Салықбаева көшесі ГОРОО
- Батырлар аллеясы
- Темір жол вокзалы
- Алаң
- Автовокзал
- "Erke-NurBaby" балабақшасы
- №32 мектеп Салықбаева көшесі
№ |
Ластаушы заттар |
Өлшенген шоғыр |
Норма |
1 |
Қалқыма заттар |
0,16 мг/м3* |
0,5 мг/м3 |
2 |
Азот диоксиді |
0,09 мг/м3 |
0,2 мг/м3 |
3 |
Азот оксиді |
0,01 мг/м3 |
0,4 мг/м3 |
4 |
Көміртегі оксиді |
2 мг/м3 |
5 мг/м3 |
5 |
Күкірт диоксиді |
0,006 мг/м3 |
0,5 мг/м3 |
6 |
Формальдегид |
0,03 мг/м3 |
0,05 мг/м3 |
*мг/м3 – миллиграмм метр куб
Талдау нәтижелері бойынша барлық 8 нүктеде ластаушы заттардың асуы байқалмады.
Радиациялық фон (экспозициялық дозаның қуаттылығы рұқсат етілген нормадан аспады – 0,13 мкЗв/сағ (норма 0,57 мкЗв/сағ** жоғары емес);
Радиоактивті түсулердің тығыздығы – 90 Бк/м2 (норма – 110 Бк/м2*).
*Бк/м2 Беккерель/ шаршы метр **МкЗв/сағ – Микрозиверт сағатына
Жер үсті су сынамаларын алу 4 нүкте бойынша жүргізілді:
1.Арыс өзенінің жоғарғы ағысы –Сарыарық а. көпірінің жаны
2.Ортаңғы ағыс, Арыс қаласы, Арыс ГБ
3.Төменгі ағыс, Шәуілдір ауылы, 2 километр қашықтықта
4.Сырдария өзенінің құяржерінде, Шәуілдір ГБ
Сынамалар алу су сапасының 48 көрсеткіші бойынша жүргізілді:
көзбен шолып бақылау, су температурасы, сутегі көрсеткіші, оттегімен қанығу, меншікті электр өткізгіштігі, еріген оттегі, қалқыма заттар, түстілігі, мөлдірлігі, иісі, көміртегінің қос тотығы, оттегінің химиялық тұтынылуы, 5 тәулік ішінде оттегінің биохимиялық тұтынылуы, хлоридтер, сульфаттар, гидрокарбонаттар, кальций, магний, натрий мен калий жиынтығы, иондар жиынтығы, құрғақ қалдық, кермектік, аммоний ионы, нитрит-анионы, нитрат-анионы, азот жиынтығы, фосфаттар, жалпы фосфор, жалпы темір, темір (3+), кремний, фторидтер, СББЗ, кадмий, қорғасын, марганец, мыс, мырыш, кобальт, хром (3+), хром (6+), жалпы хром, күшән, никель, сынап, күкіртті сутегі, мұнай өнімдері, фенолдар.
03.07.2019ж. талдау нәтижелері бойынша басты иондар,ауыр металдар мен биогенді заттарды қоса алғанда су сапасының 29 көрсеткіші бойынша бекітілген нормадан асу анықталған жоқ. Су сапасының қалған 19 көрсеткіштері бойынша талдаулар 5 күн ішінде дайын болады.
Жер үсті сулары мен атмосфералық ауаның талдау нәтижелері бойынша жоғары және экстремалды-жоғары ластану анықталған жоқ.