• Последние

«Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасы өз жұмысын бастады

14.11.2018

В Жезказгане наградили лучших металлургов Группы «Казахмыс»

18.07.2026

Казахстан вошёл в десятку сильнейших стран мира по дрон-футболу

18.07.2026

Новый складской комплекс в Алматинской области создаст более 1 тыс. рабочих мест

18.07.2026
Фото: Синьхуа

В Шанхае прошла Всемирная конференция по искусственному интеллекту WAIC

18.07.2026

Балхаш отметил День металлурга масштабным гала-концертом

18.07.2026

Металлурги Qarmet удостоены почётных наград

18.07.2026

Нурторе Жусип: Сила, способная изменить казахстанское общество, – труд и дисциплина

17.07.2026

ЦИК зарегистрировал партийный список «Ақ жол» на выборы в Курултай

17.07.2026

По поручению Президента Токаева озеро Көбейтұз получит охранный статус

17.07.2026

Подростки убили утку на глазах у отдыхающих в парке Караганды

17.07.2026

Девушка пошла на эвтаназию после двух лет судов с отцом

17.07.2026

86,9% казахстанцев доверяют Президенту — результаты исследования

17.07.2026
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/07/19/8:01
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
Информационное сообщение
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

«Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасы өз жұмысын бастады

by Toppress.kz
2018/11/14 08:05
A A

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасында алғашқы сауда-саттықты бастау рәсіміне қатысты.  Президент іс-шарада сөйлеген сөзінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасындағы алғашқы сауда-саттықты бастау рәсімінің ұлттық валютамыз – теңгенің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында өтуінің символдық мәні зор екенін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев төл теңгемізді енгізу өз қаржы жүйемізді қалыптастырып, мемлекетіміздің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

  • Қазақстан экономикасы едәуір өсіп, халықтың тұрмыс деңгейі де артты. Ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. «Астана» халықаралық қаржы орталығының іске қосылуы – елімізді одан әрі орнықты дамытудың маңызды қадамы, – деді Елбасы.
  • Қазақстан бүгінде тағы да бір кең ауқымды жекешелендіру жүргізуге шешім қабылдады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, 1995-1999 жылдары біз барынша жылдам жекешелендіру өткіздік. Дәл соның арқасында толықтай тұралап қалған экономикамызды жылжытып, дағдарыстан шыға бастадық. Содан бері көп уақыт өтті. Ендігі біздің мақсатымыз — Үкіметтің экономикаға қатысуын азайту және Үкіметтің экономиканың 15 пайыздан аспайтын бөлігін ғана басқаруына жол беру. Сондықтан жекешелендірудің үлкен екінші кезеңін бастадық. Оның тармақтарының бірін орындауға бүгін кірісеміз. Қазақстан әлемде мұнай өндіру бойынша бірінші орынға ие. Әлемдік уран нарығының 20 пайызы да Қазақстан үлесінде. Сондықтан әлемде бұл компанияның акциясына қызығушылық зор және тек өсе беретін болады, — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы алдағы уақытта АХҚО Биржасына «Қазақтелеком», «Эйр Астана», «ҚазМұнайГаз» сынды ұлттық компаниялардың акциялары шығарылатындығын айтты. 
  • АХҚО шетел капиталын тартудың катализаторына айналуы және қор нарығын дамудың жаңа деңгейіне шығаруы тиіс. Бұл жерде әлемдік үздік тәжірибе пайдаланылып, жетекші серіктестер мен сарапшылар тартылған. Қатысушылар үшін өте қолайды шарттар жасалған. Қазақстандық авиация әлемнің өзге де қаржы орталықтарына жаңа әуе жолдарын төсейтін болады, — деді Елбасы.

         Жиында сөз алған Қайрат Келімбетов алдағы 3 жылдың ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы әлемнің ТОП-50 халықаралық қаржы орталығының қатарына кіретінін жеткізді. 

-«Астана» халықаралық қаржы орталығы халықаралық қаржы орталықтарының арасында бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық рейтингі радарында пайда болды. Ағымдағы жылы біз 61 орынға ие болдық. Нұрсұлтан Әбішұлы, таяу үш жылда әлемнің ТОП-50 халықаралық қаржы орталығының қатарына кіруді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күннің өзінде құзыретімізге 88 компания тіркелді және біз 2020 жылдың соңына дейін 500 компанияға дейін компания тіркеледі деп жоспарлап отырмыз», — деді Қайрат Келімбетов АХҚО Биржасының алғашқы сауда-саттығын іске қосу шарасына қатысқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қарата. Оның айтуынша, АХҚО Биржасында алғашқы транзакция басталды. Қаржы министрлігінің еурооблигацияларын, «Қазақтелеком» облигацияларын орналастыру табысты аяқталды. «Бірақ, мұның барлығының маржаны «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының орналастырылуы болып отыр. Бүгін біздің биржамыз «Қазатомөнеркәсіп» акцияларын сату үшін бастау сәтінің тұғырнамасы қызметін атқарады,-  деді Қайрат Келімбетов.

АХҚО Биржасы биыл «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылған болатын.  

Биржаның негізгі акционерлері – АХҚО, GoldmanSachs, Жібек Жолы қоры, Шанхай қор биржасы және NASDAQ америкалық биржасы. Соңғы аталған екі биржа әлемдегі ең ауқымды 5 биржаның қатарына кіреді.

Жалпы, АХҚО Биржасының алдындағы негізгі міндет ел экономикасының игілігі жолында ұлттық нарыққа кызмет ету болмақ. Оның ішінде әлемнің үздік тәжірибелеріне сәйкес келетін биржа ұлттық компанияларды жекешелендіруге арналған алаңға айналуы тиіс. Сонымен қатар мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың облигацияларын шығару, жеке компаниялардың құнды қағаздарын орналастыру міндеті де осы Биржаға жүктелген.

Қазіргі уақытта АХҚО Биржасы еліміздің қаржы нарығын дамыту мен тиімділігін арттыру арқылы болашақта жергілікті капитал нарығын жоғары деңгейге көтеру жұмыстарына кірісіп кетті. Ал дамыған капитал нарығы бүгінде басым бөлігін банк секторы құрайтын Қазақстанның қаржы жүйесін толықтырып, тепе-теңдікті қалыптастыруға ықпал етпек. Демек, Астана халықаралық қаржы орталығының еліміздегі және өңірдегі экономикалық іс-қимылдарды қаржыландырудың тұғырына айналар күні жақын. 

Өз кезегінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының құқықтық мәртебесі Мемлекет басшысы 2015 жылы қол қойған конституциялық заңмен бекітілген, ал жұмыс тілі – ағылшын тілі. Ал қаржы орталығының жұмысына қатысушыларға 50 жылға дейін салықтық жеңілдіктер қарастырылған, сондай-ақ, олар үшін жеңілдетілген валюталық, визалық және еңбек режімдері көзделген. Бұл – қызметі ағылшын құқығына негізделген өңірдегі бірден-бір орталық. АХҚО Нью-Йорк, Сингапур, Лондон және Дубай қалаларындағы қаржы орталықтарының үздік моделі негізінде жұмыс жүргізеді. 

Бүгіннің өзінде АХҚО-ында Қытайдық Даму банкі сияқты ондаған халықаралық ірі компаниялар тіркелген. Сонымен қатар Сингапур, Гонконг және Батыс Еуропаның халықаралық брокерлік үйлерінің қызығушылығын тудыруда. Дәлірек айтқанда, қазірдің өзінде Гонконгтағы екі ірі брокер – China International Capital Corporation және Shenwan Hongyuan Securities Астана халықаралық қаржы орталығының мүшесі мәртебесін иеленген.  

Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Информационное сообщение
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.