• Последние

Астанада тоғыз ота жасатқан 34 жасар келіншек көз жұмды

2022/06/11 23:08

На побережье Алаколя прошел экологический форум «EcoQadam»

2026/06/07 21:01

Freedom Finance предложила КазТАГ урегулировать спор через медиацию

2026/06/06 17:59

На фоне ЧМ-2026 вспыхнули масштабные протесты против властей Мексики

2026/06/06 17:48
Фото сгенерировано ИИ

Бездомный ограбил бутик женского белья и устроил распродажу в Петропавловске

2026/06/06 17:26

Кайсар Нигметов: обновление порога достаточности пенсионных накоплений связано с изменением демографических условий

2026/06/06 15:01

Повышение порогов достаточности направлено на защиту будущих пенсий казахстанцев

2026/06/06 14:02

MG от Allur запускает новую финансовую программу «Таза пайда: гибкий платеж»

2026/06/06 09:00

Поддержать образование солнечной энергией – китайские бизнесмены сделали подарок столичной детской деревне

2026/06/05 19:38

В Казахстане отметили вклад экологов в сохранение окружающей среды

2026/06/05 19:23

От театров до музеев: как развивается культурная инфраструктура Казахстана

2026/06/05 19:17

От лаборатории до экопривычек: как в СКО отметили Всемирный день охраны окружающей среды

2026/06/05 18:14

В Караганде начал работу VI Конгресс нейрохирургов Казахстана

2026/06/05 17:53
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/06/08/4:48
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Астанада тоғыз ота жасатқан 34 жасар келіншек көз жұмды

by Алина Автор
2022/06/11 23:08
in Без рубрики, Казахстан
A A

2022 жылдың 5 маусымында Нұр-Сұлтан қаласының екінші қалалық көпбейінді ауруханасында 34 жастағы Динара Егізбекова көз жұмды, деп хабарлайды Toppress  Azattyq Ruhy сайтына сілетеме жасай отырып. Марқұмның туған әпкесі Айжан Құлмырзаева өтінің тасын, одан кейін өтін алдыруға барған сіңілісі айналдырған бір айда тоғыз рет пышаққа түскенін айтты

Айжан Құлмырзаева сіңілісінің өлімі бойынша полицияға арыз жазып, қылмыстық іс қозғатқан. 

Toppress өмірден озған келіншек туралы Azattyq-ruhy-ның материалын ұсынады. 

ӨЛІМНІҢ СЕБЕБІ ӨТТЕГІ ТАС ПА?

Айжан Құлмырзаева сіңілісінің өлімінен кейін ес жия алмаған. Діріл қатқан дауысымен «оның бұлай ерте өлуі мүмкін емес» дегендей күйде, әділдік іздеп, өлімнің себебін білуге асыға, оқиғаны ұзақ баяндады.

Оның айтуынша, Динара Егізбекова биыл 25 сәуір күні оң жақ бүйірі ауырып, жедел жәрдем шақырған. Олар науқасты екінші қалалық көпбейінді ауруханаға апарғанында дәрігерлер өтінде тас бар екенін және өттің қабынғанын айтқан. Динараны үйіне жіберіп, анализдерімен бірге жоспарлы түрде операцияға дайындалып келуі керек деген.

«27 сәуір күні сіңілім анализдерімен бірге сол екінші қалалық ауруханаға жедел жәрдеммен барып, жоспарлы түрде ем қабылдауға жаттық. Осы екі күн ішінде өтіндегі ащы запыран тарап, денесі сарғая бастаған. Дәрігерлер қазіргі протокол бойынша бірінші эндоскопиямен тасы алынатынын, артынан операция арқылы өті алынатынын айтты.

«Бірден өтін қосып алып тастауға болмай ма?» деген менің сұрағыма протокол солай екенін айтты. Осылайша, 28 сәуір күні шамамен сағат 17:00-де сіңілім алғашқы операцияға кірді», – дейді бізбен сөйлескен Айжан Құлмырзаева.

Шамамен үш сағат бойы телефонын алмаған Динара сағат 20:00 шамасында жақындарына хабарласып, өне бойы қатты ауырып тұрғанын айтқан. Айжанның айтуынша, сіңілісіне ауруды басатын дәрілер салынбағанын олар кейін білген. Тіпті ол дәрілерді салғаннан кейін де Динараның ауруы басылмай, ол әрең сөйлеп, әрең жүрген.

Дәрігерлер ота аяқталған соң өтін қоса алғанын, қалған органдарына ревизия жасалғанын, енді бәрі жақсы болатынын айтты. Бұл Айжанның айтуынша, 30 сәуір күні болған жағдай.

 

«Осыдан кейін сіңілімнің жағдайы аз да болса жақсарып, жазыла бастағандай көрінді. Аздап су ішіп, жеңіл сорпа іше бастады. Бірақ 9 мамыр күні оның ішінен қан кетті. Оны шұғыл операцияға кіргізді, біз тіпті ауруханаға барып үлгермедік. Жете сала сырттағы дәрігерлер «қандай операция деп едім, ішінен көп қан кетіп, операцияға әкетті» деді. Сіңілім үшінші операцияға түсті», – дейді Айжан.

 

Хирургтар организмге ащы заттар бөлініп, ол іштегі тамырларды жеп, іштегі тамырлар тесілген соң қан кетті деп түсіндірген. Динара енді жазылатын шығар, ауруы осымен басылатын шығар деп отырғанда жақындары ауруханадан «тағы да операция, тағы да операция» деген хабар ғана ала берген.

 

«Араға  бес күн салып, сіңілімнің ішінен тағы қан кеткен. Дәрігерлер осымен төртінші рет операция жасайды, өте білікті хиругтармен консилум жасап, оның асқазан-ішек жолдарын толықтай реконструкциялаймыз деп шешкен. Бұл өте ауыр операция. Сағат 17:00-де басталған операция 23.00-ге таман аяқталған. Осы операция арқылы олар Динараның он екі елі ішегін қорғап қалуды ойлаған», – дейді Айжан.

 

Бұл операция Динараға ауыр тигенімен, жас организм ақырындап қалпына келе бастаған. Науқас реанимациядан шығып, есін жиған.

 

«23 мамыр күні оны реанимациядан хирургия бөліміне ауыстырды. Су сұрап, жеңіл сорпа ішті. Міне, Динарамыз енді жазылатын болды деп ойладық. Алайда…»

Алайда 26 мамыр күні Динарарың аяқ асты қызуы көтеріліп, жүрек қағысы жиілеп кеткен. Таңғы 10:00-ге таман белгісіз себеппен оның ішінен тағы да қан кеткен.

 

«…оны тағы да операцияға әкетті. Динараның осымен нешінші рет пышаққа түсіп жатқанынан өзіміз де шатасып кеттік. Тіпті ішінен кесетін орын болмаған соң оның арқасын тілген. Осы операция кезінде сепсис пайда болды, яғни қанға инфекция түскен. Ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды», – дейді Айжан.

 

Сіңілісінің неге мұндай халге түскенін білу үшін анасы мен Айжан ауруханадан шықпағандарын айтады.

 

«27 мамырдан 28-іне қараған түні тағы да қан кетті. Енді бауырының айналасынан қан кетіп жатыр деген дәрігерлер тағы бір операция жасап, қан кеткен тамырын тіккен. 28 мамыр күні күндіз тағы да қан кетіп, тағы да операцияға әкетті», – дейді әпкесі.

 

Айжанның айтуынша, Динараның жағдайы нашарлай берген. 30 мамыр күні дене қызуы көтерілген.

 

«Амалым таусылған мен басқа қаладағы дәрігерді емес, осы қаладан білікті маман тауып, консилиум жасауын жалындым. Дәрігерлер Онколгия орталығынан хирург шақырып, Динараны ультрадыбыстық тексеруден өткізіп, ішінде сұйықтық бар екенін анықтаған. Оны тағы да операцияға әкетті… Ішегі қабаттасып қалған, оны тазалаған», – дейді Айжан.

 

Осылайша, өтінің тасын алдыруға барған Динараға бас-аяғы тоғыз ауыр операция жасалған.

 

«31 мамырдан бастап жағдайы нашарлай берді. Дәрігерлер қандағы зиянды заттарды шығаратын аппарат орнатты», – дейді Айжан.

 

2 маусым күні жағдайы күрт нашарлаған Динараны дәрігерлер тағы да тексеруден өткізіп, тоқ ішегінде перфорация бар екенін, яғни, тесік бар екенін анықтаған.

 

«Дәрігерлер оның ішегін сыртқа шығарамыз деді. Бұған дейінгі операциялардың бір де біреуінде бізден келісім қағазын алмаған олар осы операция кезінде ғана анамнан келісім қағазын алды. Операцияның алдында қайран көңілім «ертең сіңілім ішегі сыртына шығып тұрғанын көрсе қандай күйде болар екен…» деп қатты күйзелдім. Оның өлерін білсемші…Операция жасап, ішегін сыртқа қойды. Қанын тағы да тазартты. 3-4 маусым күндері жағдайы нашарлай берді. Біз күні-түні ауруханада болдық. 5 маусым күні түнгі сағат 03.40-та сіңіліңізді жүрегі шыдамады деген суық хабар келді», – дейді булығып жылаған Айжан.

Динараның денесін аурухана мәйітханаға жіберіп, ол жақта сот-медициналық сараптама алынған. Оның нәтижесі әлі белгісіз. Динара болса, қарапайым ғана операцияның осындай салдары күдік тудырады деп, сіңілісінің өлімі бойынша полицияға арыз жазған.

 

«Менің бар білгім келетіні, қай сәтте, қай жерде қате кетіп, қарапайым операцияға кеткен сіңілім неге өлгенін білу», – дейді Айжан.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАУАБЫ

 

Ал қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сенсек, дәрігерлер Динараға дер кезінде қолдан келгенше ем жасаған. Ресми орган берген ақпаратты өзгеріссіз ұсынамыз:

 

«Ең алдымен, № 2 көпбейінді қалалық аурухана Динара Бақытжанқызының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады және оқиға бойынша келесіні хабарлайды:

 

Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметімен қызметтік тексеру жүргізілді. Пациент Д.Б.Егизбекова 27 сәуірден бастап 5 мамырға дейін № 2 көпбейінді қалалық ауруханада хирургиялық бөлімшеде стационарлық ем қабылдады. Д.Б. Егизбекова № 2 көпбейінді қалалық аурухананың қабылдау бөлімшесіне жүгінген кезде тексеру жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша диагноз қойылып, науқас пен оның туыстарына айтылды. Операциялық араласу диагностика мен емдеу хаттамаларына сәйкес жүргізілді. Пациент Д.Б.Егизбекова ауруханаға жатқызылу кезінен бастап клиника әкімшілігінің бақылауында болып, қажетті медициналық жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен барынша қамтамасыз етілді.

 

Хирургиялық араласудың тактикасы ҚР ДСМ бас хирургымен, «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ, Нұр-Сұлтан қаласы Ұлттық ғылыми онкология орталығының жетекші мамандарымен, «Астана медицина университеті» АҚ профессорлық құрамымен келісілді.  Хирургиялық араласудың бұл түрі медициналық қателікке жатпайды және әлемдік тәжірибеде қолданылады. Аталған патологиядағы ауыр асқынулардың 9,8%-ы өлімге әкеп соғады.  Аурухана әкімшілігі науқастың қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтады…» – делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.

 

 

 

 

 

 

 

Поделиться
Твитнуть
Поделиться
Лайк

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

Total
0
Share