5 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Routes Silk Road форумының жұмысы аясында Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев China Southern Airlines, Urumqi Air, Nordwind Airlines, Oman Air, China Eastern Arlines және Катовицы қаласының әуежайы өкілдерімен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Toppress.kz.
Кездесуде Қазақстанға жаңа рейстерді ашу перспективалары мен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Бүгін форум аясында Turkish Airlines, Wiss Air, Hainan Airlines, Atlas Global әуе компанияларымен келіссөздер жүргізіу жоспарланған.