2018 жылдан бері еліміздегі 607 ауылға интернет жеткен, – деп хабарлайды Toppress.kz Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Ауылдарға интернет қосу үшін мемлекеттік органға байланыс операторлары көмектескен. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов ОКҚ онлайн-брифингінде айтты.

"Біздің министрліктің салалық мемлекеттік орган ретіндегі негізгі міндеті – әрбір қазақстандықтың интернетке қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ету, телекоммуникация қызметтері нарығын арттырып, қызметтердің басқа да түрін арттырып, тұтынушылардың сұранысын жауып, ел экономикасын көтеру. Бұл орайда осы міндетті орындау мақсатында байланыс операторларымен бірлесе отырып, бірқатар жоба іске асырылып жатыр. Қолданыстағы байланыс туралы заңға сәйкес, байланыс операторлары өз қаражаттары есебінен байланыс жүйелерін салу және дамытуды іске асырады", – деді вице-министр.

Спикердің айтуынша, 2020 жылдың соңына дейін 643 ауылға интернет қосылады.

Бұл жұмыс 2018 жылы басталған болатын. Екі жыл ішінде көп жұмыс жасалды. Екі жоба аясында қзіргі кезде 1200 ауылды интернет желісіне қосу жұмыстары болып жатыр. Бүгінгі таңда 50 пайыз, ол енді 607  ауыл қосылған. Алдағы уақытта бұл жұмыс жалғасады. Қалған 643 ауыл жыл аяғына дейін интернет желісіне қосылады, – деді вице-министр.

Подпишитесь на нашу рассылку

Будьте в курсе последних новостей, получайте свежие статьи и видеообзоры.

Вам также может понравиться

Рейтинг акимов: итоги октября. Новая волна коронавируса у границ Казахстана

Октябрь в политической повестке 2020 года стал периодом активной подготовки к новой…

Мужчину, переодетого в женщину, избили на митинге в Алматы, ВИДЕО

Мужчину, переодетого в женщину, избили на митинге за политические реформы в Алматы.…

РЕЙТИНГ АКИМОВ: ИТОГИ СЕНТЯБРЯ – ПОДГОТОВКА К НОВОЙ ВОЛНЕ КОРОНАВИРУСА

Сентябрь ознаменован новой волной коронавируса, которая уже бушует во всем мире. Казахстан,…

Семья, которой помогали казахстанцы, обрекла двух собак на мучительную смерть

Переехав в новый дом, полученный в подарок от благотворителей, семья погорельцев оставила…