Атырау тұрғыны әйелдермен танысып, оларды бопсалау арқылы жыныстық қатынасқа түсіп отырған, деп жазды Ақжайық сайты.
24 жастағы жігіт өзімен интимдік хат жазысқан әйелдердің суреттерін жіберулерін сұрап, кейіннен өзімен жыныстық қатынасқа түспесе суреттерді желіге салатынын айтып бопсалаған.
Қылмыскер осындай жолмен бір жылда бірнеше қызды құрығына түсіріп, пайдаланған, оның ішінде 18 жастағы студент пен 15 жасар оқушы да бар. Қыздар ата-аналарына дер кезінде бәрін айтып, олар құқық қорғау ұйымдарына хабарласқан.
Ұсталған жігіт тергеу абақтысына жабылды. "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы бойынша алдын ала тергеу басталды.