• Последние

Қазақстанның терроризмге қарсы күрестегі халықаралық ықпалдастығы мен ынтымақтастығы

2021/07/15 15:35

В Алматы работникам СМИ вручили ключи от квартир

2026/06/27 18:41

Совет Европы поддержал конституционные реформы в Казахстане

2026/06/27 17:18
Screenshot

Нурсултан Шоканов избран председателем Народной партии Казахстана

2026/06/27 16:22

Сауат Нургалиев завоевал бронзу на чемпионате мира по шахматам среди молодежи

2026/06/27 14:45

Главред КазТАГ Амир Касенов прекратил сухую голодовку на 12-й день

2026/06/26 21:49

В Европейском парламенте отметили прогресс Казахстана на пути политических реформ

2026/06/26 21:41

В Алматы наградили лучших представителей казахстанской журналистики

2026/06/26 19:56

Казахстан укрепляет позиции туристического направления: итоги первого квартала 2026 года

2026/06/26 19:50

Самолет врезался в самый высокий небоскреб Пекина

2026/06/26 18:54

Более 70 молодых лейтенантов пополнили ряды Вооруженных сил Казахстана

2026/06/26 18:33

Президент передал казахстанцам специальные экземпляры новой Конституции с личным обращением

2026/06/26 18:24

Более 205 тысяч жителей Павлодарской области получат «умные» электросчётчики

2026/06/26 16:56
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/06/28/1:48
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Қазақстанның терроризмге қарсы күрестегі халықаралық ықпалдастығы мен ынтымақтастығы

2021/07/15 15:35
in Kazakhstan News
A A

Бүгін терроризм сияқты қасіретті ұғым туралы және халықаралық аренадағы
терроризмге қарсы күрестегі ықпалдастық туралы Л.Н.Гумилёв атындағы
Еуразия ұлттық университеті Халықаралық құқық кафедрасының доценті
Фазылжан Жұмашұлы Карабаевпен сұхбаттастық.

– Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні неде?
– Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабына сай
Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде айқындайтын норма бар. Соның ішіндегі «зайырлы»
деген сөзді қарастыратын болсақ, мемлекет пен дін бір бірінен
ажырағанын көруге болады. Яғни мемлекет діннің, дін мемлекеттің
ісіне араласпайды. Қазақстанда 30 жыл ішінде дінге қатысты бірнеше
заңдар қабылданды. 1992 жылы 5 қаңтарда «Діни сенім бостандығы
және діни бірлестіктер туралы» заң қабылданса, 2001 жылы 11 қазанда
«Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заң болып заман
талабына сай қайта қабылданды. Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасы атты ұйым еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін құрылды. Ол
Қазақстандағы барлық мұсылмандардың қажеттіліктерін өтеуге қызмет
етеді. Діни басқарма орталық орган ретінде Қазақстаннның бүкіл
аумағындағы мешіттерде өз қызметкерлерін тағайындаған. Кейбір
мешіттерде салафит ағымының өкілдері мешіттерді күштеп басып
алуға тырысқан фактілер бар. Көбінесе Қазақстанның батыс
облыстарында осындай жағдайлар орын алған болатын.

– Халықаралық аренада Қазақстан Республикасын келісім мен
толеранттылықтың территориясы деп атап жатады. Неліктен?

– Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назө бастамасымен
әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 1-ші съезді 2003
жылы елордамызда өткен болатын. Содан кейін әр үш жыл сайын бұл
кездесулер дәстүрге айналды. Биыл өтетін съезд пандемияға
байланысты өтпеді. Бұл әлемдегі өте маңызды бастама болды. Әлемдік
діни басшылардың бір шаңырақтың астында жиын өткізу бұрын-соңды
болмаған құбылыс болатын. Сол себептен де біздің елді әлемде
толерантты деп атауы тегін емес. Бізде сондай-ақ әртүрлі дін өкілдері
бейбіт өмір сүріп жатыр. Бұл да конфессияаралық және дінаралық
келісімнің негізінде орын алып отырған жағдай.

– Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында Қазақстанның
халықаралық ынтымақтастығы қалай ұйымдастырылған?

– Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін бірден қауіпсіздік
саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға кірісті деуге
болады. Ең бірінші ТМД елдері қол қойған 1993 жылғы Азаматтық,
отбасылық және қылмыстық істер жөніндегі құқықтық көмек туралы
Минск Конвенциясына Қазақстан қосылған. Бұл құжат әлі жұмыс істеп
тұр. Осы Конвенция бойынша біз ТМД елдері арасында қылмыспен
күрес бойынша көптеген көмек алдық. Қазақстанның халықаралық
ынтымақтастығы ТМД елдерімен шектелмейді. Біздің ел Азия, Европа
елдерімен де келісім жасасқан. Қытай, Оңтүстік Корея, Моңғолия
елдерімен екіжақты келісімдері бар. Сондай-ақ қылмыскерлерді
экстрадициялау ( қайтару) бойынша келісімдер де халықаралық
ынтымақтастық саласында өте маңызды.

– Қазақстанның сотымен қандай діни бірлестіктер «террористік»
және «экстремистік» деп танылды»?

– Қазақстан Республикасы біраз уақытқа дейін террористерден таза
болды деп айтуға болады. Көрші елдерде, әсіресе Ресейде, 2010 жылға
дейін көптеген террористік актілер орын алды. Қазақстанда бой алған
алғашқы террористік акт деп 2011 жылы 17 мамырда Ақтөбеде болған
оқиғаны айтуға болады. Ол кезде Мақатов деген азамат облыстық
қауіпсіздік органының жанында өзін-өзі жарып жіберген болатын.
2011-2012 жылдар арасында Қазақстанда 17 террористік әрекет болған.
Соның нәтижесінде көптеген адамдардың өмірі қиылды. Атышулы
террористік актінің бірі тағы сол Ақтөбе қаласында 2013 жылы
қайталанды. Бірнеше маскалы азамат қару сататын дүкенгеу, одан
кейін әскери бөлімге шабуыл жасайды. Нәтижесінде 15 адам қайтыс
болды. Төртеуі бейбіт азамат, үшеуі әскерилер, қалғандары
террористер. Дүние жүзінде мынандай тәжірибе қолданылады: егер
террористер берілмей жатса, оларды бірден жойып жіберу керек.
Оларды сұрауы жоқ адамдар ретінде қарастырады. Ақтөбедегі
жағдайлардан соң террористік актілер тыйылды деуге болады. Ұлттық
қауіпсіздік комитеті бүкіл Қазақстан бойынша ауқымды жұмыс істеді.
Террорист деген жалпы кім? Террорист деген сөз латын тілінен
аударғанда қорқыныш, үрей туғызу деген мағына береді. Бұл тарихи
құбылыс деуге болады. Қазақстанда 1999 жылы 13 шілдеде
Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заң қабылданды. Сондай-ақ, 2003
жылы желтоқсан айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті аясында
Терроризмге қарсы күрес орталығы құрылды. Қазіргі кезде осы
орталық терроризмге қарсы және оның алдын-алу бойынша шараларды
ұйымдастырып келеді. Орталықтың құрамына прокуратура, ішкі істер
органдарының өкілдері де кіреді.

Қазіргі уақытта сот арқылы 23 ұйымды мемлекетіміз экстремистік деп
таныған. Сот шешімі негізінде қызметіне тыйым салынған ұйымдар:
«Аль-Каида», «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс»,
«Өзбекістандағы исламдық қозғалыс», «Күрд Халық Конгресі», «Асбат
аль-Ансар», «Братья-мусульмане», «Талибан» қозғалысы», «Боз гурд»,
«Орталық Азиядағы моджахедтер жамағаты», «Лашкар-е-Тайба»,
«Әлеуметтік реформалар Қоғамы», «Хизб-ут-Тахрир» ұйымы, «АУМ
Синрикё», «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы», «Түркістан ислам
партиясы», «Алля-Аят», «Ата жолы», «Джунд-аль-Халифат», «Сенім.
Білім. Өмір», «Таблиғи джамағат», «Ат-такфир уәл-хиджра», «Ислам
мемлекеті», «Ан-Нусра фронты».

Қазіргі уақытта терроризмді теориялық тұрғыдан ең жақсы зерттеген
ел Америка Құрама Штаттары болып отыр. 2001 жылғы 11 қыркүйекке
дейін Америка терроризмге қатты мән бермеген болатын. Европа,
Израильдегі жағдайлар Америкада қайталанбайды деп сенді. 11
қыркүйек оқиғасы Американы дүр сілкіндіріп, бұл мәселені жіті
зерттеуге итермеледі. Терроризмнің алдын-алу сияқты теориялық
материалдары көптеген елге үлгі болып отыр.

Ал Қазақстанда терроризмнің бастау алуының өзіндік ерекшеліктері
бар. Біздің ел тәуелсіздік ала салысымен көптеген жастарымыз араб
елдеріне оқуға кетті. Олар діни білім алумен қатар исламның дәстүрлі
емес ағымдарымен танысқан. Мысалы, салафиттер дәстүрлі исламды
мойындамайды.

Қорыта келе, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы терроризмді
ауыздықтады деп айтуға болады.

Поделиться
Твитнуть
Поделиться
Лайк

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

Total
46
Share