Қазгидрометтің метеоболжау бөлімі 2020 жылғы 13 қаңтар мен 14 қаңтар аралығына дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Toppress.kz со ссылкой на zakon.
14 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі.
Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Петропавл қаласында 14 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.