Сонымен, сіз бен біз шырт ұйқыда жатқанда, Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеяның кезекті сессиясы өтті, деп хабарлайды Toppress.kz.
Айтулы шарада көптің көкейінде жүрген түйткілдер айтылды. Әдеттегідей, Тоқаев мырзаның сөзі нық, тиянақты естілді. Көптің санасына ойландыратын дүние салды. Бір сөзбен, БҰҰ құрамында біраз уақыт жұмыс істеген Президенттің дипломат екеніне халық тағы да көз жеткізді.
Бастысы, Қазақстан бейбіт өмір үшін барын салатынын Тоқаев мырза тағы бір айтып қалды. Өйткені, жаһанда болып жатқан қанды қақтығыстар мен елдер арасындағы шиеленістер кімге оңай тиеді дейсіздер? Сұрапыл соғыс, адам шығыны кез келген елдің берекесін қашыратыны рас.
Ал елдегі қақтығыстарды аза тұту күніне дейін жеткізбеу – сол мемлекет басшысының басты парызы. Тоқаев сол міндетті ауқымды жиындағы әр бірінің есіне салды.
Ал елдегі реформалар да назардан тыс қалмады. Бұл жайлы Қасым-Жомарт Тоқаев болашақта өз лауазымын ұзартпай, жаңа президент ата заң Конституцияны өзгерте алмайтынын басып айтты. Бізге Президенттің Ассамблеяда айтылған баяндамасы жарқын келешектің кепілі ретінде көрінді.
Сіздер де Тоқаевтың бұл айтқандарын жадыңызға сақтағаныңыз дұрыс!