Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрмені бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр, хабарлайды Toppress.kz.
Президент тапсырмасына сәйкес алдағы бес жылда 14 гигаватт энергия өндіретін жаңа қуат көздерін ашу міндеті тұр. 2023 және 2024 жылдары 1,3 гигаватт жаңа электр қуаты іске қосылды. Биыл тағы 621,5 мегаватт енгізу процесі жүріп жатыр, ал 2026 жылға 2 648,5 мегаватт жоспарланған.
Жылу электр орталықтарының тозуын азайту ісі де Үкімет бақылауында. Биыл 10 энергоблок, 63 қазандық пен 39 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланып отыр. Жүргізіліп жатқан шаралар нәтижесінде орташа тозу 64%-тен 61%-ға дейін төмендеді. 9 орталық апат деңгейі жоғары аймақтан «сары» аймаққа, 3-еуі сарыдан жасылға көшті. Қазір «қызыл» аймақта 10, сарыда– 17, жасылда– 10 станция бар. Ұлттық жобаға сәйкес 86 мың шақырым инженерлік желілерді жаңғыртуға шамамен 6,8 трлн теңге инвестиция тартылады. Бұл апат санын 27%-ға азайтуға мүмкіндік береді.
Бақытгүл Қамбар, экономикалық зерттеулер институтының тұрақты мақсаттар жөніндегі хатшылық директоры:
“Былтырғы Президеттің Жолдауын тұрақты даму жолындағы үлкен стратегия деп қабылдауға болады. Себебі Жолдаудың өзі қорытындысында Президент айтты ғой, «Әлеуметтік-экономикалық, экологиялық барлық мәселелерді қолдаймыз» деп. Сондықтан Жолдауды негізгі бағыттардың барлығы маңызды. Ең бірінші, халықты тыңдайтын үкімет деген қағиданы еске салып бастады. Сондықтан бұл халықты тыңдайтын үкімет деген қағида тұрақты дамудың ешкімді назардан тыс қалдырмау дген қағидасымен тікелей байланысты”.












