Оралхан Байзақова алғаш рет 58 жасында ана атанған елді таңғалдырды, деп хабарлайды Алматы арнасындағы "Life студия" бағдарламасы.
Ол күйеуі 55 жасында жесір қалып, Оралхан "балалы болсам" деп армандаған.
"Үйленгеннен кейін үш рет түсік тастадым. Үш рет ЭКО-ның көмегіне жүгіндім. Еш нәтиже болмады. Сөйтіп жүргенде күйеуім қайтыс болды. Жасым 55-ке келгенде ана болудан үмітімді үздім. Ең болмаса, балалар үйінен асырап алайын деп ойладым.Жетімдер үйіне барып едім, дәрігерлер маған "Сізде ештеңе жоқ. Қалай асырайсыз?" деп айтты.
Сонда әйел ЭКО процедурасына қайта жүгінді. Бірақ клиникадағы дәрігерлер оның репродукциялық органы жоқ екенін мәлімдеген.
"Маған қаралсын деп, бір жақсы клиникаға баруыма кеңес беріп, сол жерде маған көмек көрсете алатынын айтты. Бірден қасымдағылардың максимал жасын сұрай бастадым. Сөйтіп, ең егде жастағы 40-та екен. Қорқып дәрігердің кабинетіне әрең кірдім. Бірақ ол кісі маған тіпті қараған да жоқ. Қағаз толтырумен болды. Сөйтіп, "Менің жасымды сұрамайсыз ба?" деген кезде, дәрігер маған жасымды білетінін айтып, қажетті дәрі-дәрмектерді жазып берді, оларды сатып алуым керектігін айтты. Екі аптадан кейін қайта тексерілуге келуім керектігін де ескертті. Уақыт өткен сайын, тест жасауға қорқып жүрдім. Баламның үш айлығына дейін аяғымның ауыр екеніне сенбедім. Құдайдың құдіреті ғой, 58 жасымда қызымды дүниеге алып келдім. Бұрын мінезім қатал болса, қазір бала мені өзгертті", – деді Байзақова.