Балқаш қаласында үйінің ауласынан шығып, жоғалып кеткен 2 жасар қыз баланы екі тәулік бойы 300-ден аса адам іздеп жатыр, деп жазды Sputnik Қазақстан.
Іздеу шараларына жуық арада Ресейдің әскери мамандарын қосады. Бекнұр Дәрігүл 2 қазан күні, сағат 12.00-де үйінен шығып кеткен. Баланың ата-анасы қақпаны ашып, ауладан қалай шыққанын байқамаған. Еріктілердің айтуынша, балақай тұратын ауданда Балқаш көліне құятын канал бар.
Бала жоғалған күні бірден іздеу жұмыстары басталған. Қазіргі таңда 2 жасар баланың шұлығы ғана табылған.
Қарағанды қаласынан тәжірибелі кинологтар көмекке келді. Мүмкін олар баланың ізіне түсіп қалар.