Ақсу аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Бейбіт Сүлейменов, Элдар Самбетов, Балташ Кулчанов, Марат Естібаев Матай ауылдық округінде “СКД7” мекемесінде Депо ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жиналғандарға партияның сайлауалды бағдарламасы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, үнпарақтар таратылды. Мекеме қызметкерлері де өз көкейінде жүрген мәселелерді ортаға салып, талап-тілектерін тілге тиек етті.
Үміткерлер жұмысшылардың сұрақтарына толыққанды жауап берді. Партиялық бағдарламада халықтың тыныс-тіршілігі, еңбегі, денсаулығы, білім, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарға алынғанын жеткізіп, осы бағыттар бойынша көптеген жобалар жасалып, жүзеге асуына «Nur Otan» партиясы барынша ықпал ететінін жеткізді.
Білім беру мен медицина саласында атқарылатын басты жұмыстар атап көрсетілді. Алдағы уақытта басқа да сайлауалды үгіт-насихат жиындары жоспарға сай өткізілетін болады.
Депутаттыққа үміткерлер көптеген ұйымдар мен шаруа қожалықтарының ұжымдарымен жолығып, халық көп шоғырланған орындарда да кездесулер өткізді.
Біздің мақсатымыз – әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін жақсарту. Сондықтан әрбір қазақстандықты алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамыз. Өйткені біздің болашағымыз – біздің дауысымызға байланысты, – деген тілек білдірді үміткерлер.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Ақсу ауданының сайлау қорынан төленді