• Последние

«Бірлік бар жерде күш бар»: Қазақстан мен Бельгия ортақ мүдделер жолында

14.10.2026

Заработная плата работников промышленности, строительства и транспорта выросла на 13,1%

14.10.2026
Фото: Irish Times

Наркобанда сожгла семью с детьми зажигательной смесью в Ирландии

14.10.2026
Voice recording. Man touching microphone icon on smart phone. Mobile application Record sound, audio, music, voice message. or Use your voice to direct AI to search for information on Internet.

Производителя военной техники Айбека Барыса осудили за оскорбления в WhatsApp

14.10.2026

«Это личный вопрос»: Жумангарин ответил журналистам о своих доходах

14.10.2026

Трое неизвестных напали на человека с оружием в Алматинской области

14.10.2026

Более 170 подростков задержали после нападений на школы в Польше

14.10.2026

Мужчина примотал ножи к рукам и напал на посетителей ТЦ в Южной Корее

14.10.2026

Казахстан предлагает миру опыт уважения к различным религиозным традициям – Кацухиро Асагири

14.10.2026

Ольга Перепечина: Повышение НДС до 16% не дало ожидаемого эффекта для бюджета

14.10.2026

Канат Кабылбеков: Требования по строительству и эксплуатации АЭС должны быть закреплены в национальных стандартах

14.10.2026

Снег, гололед и заморозки: погода на 15-17 октября в Казахстане

14.10.2026

Поднимает штангу в 73 года: бабушка из Сингапура стала звездой спорта

14.10.2026
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/10/14/16:20
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

«Бірлік бар жерде күш бар»: Қазақстан мен Бельгия ортақ мүдделер жолында

by Адиль Калиев
2026/10/14 15:04
A A

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сындарлы сыртқы саясаты мен халықаралық диалогты дамытуға бағытталған бастамалары еліміздің шетелдік серіктестермен байланысын нығайтуға тың серпін беріп келеді. Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданың Қазақстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары екі ел арасындағы саяси сенімнің нығайып, ынтымақтастықтың жаңа бағыттары қалыптасып келе жатқанын көрсетті. Жоғары деңгейдегі келіссөздер мен қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстанның Еуропа мемлекеттерімен жан-жақты серіктестікті дамытуға деген ұмтылысын айқындайды.

Мемлекеттік сапар аясында сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, инвестиция тарту, көлік-логистика, энергетика, аса маңызды минералдар, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар білім беру, ғылым және мәдениет бағыттарындағы байланыстарға басымдық беріліп, екі халықтың рухани жақындығы мен ортақ құндылықтарына назар аударылды. Бұл бастамалар Қазақстан мен Бельгия арасындағы серіктестіктің аясын кеңейтіп, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Халықаралық қатынастар маманы, PhD Эльмира Таукебаева Қазақстан мен Бельгия арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық маңызына, Мемлекет басшысының дипломатиялық бастамаларына және еліміздің халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған саясатына тоқталды. Сарапшы екі ел арасындағы ортақ құндылықтардың дипломатиялық байланыстарды тереңдетудегі рөлін, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың әлеуетін талдап, мемлекеттік сапардың Қазақстанның халықаралық серіктестігін кеңейтудегі маңызын түсіндірді.

—Мемлекет басшысы Бельгияның «L’union fait la force» — «Бірлік бар жерде күш бар» деген ұлттық ұраны қазақтың «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген даналығымен үндес екенін атап өтті. Екі халықтың дүниетанымындағы осы ортақ құндылықтардың мемлекеттік сапар аясында айтылуының символдық мәні қандай? Президенттің мәдени және рухани сабақтастыққа басымдық беруі Қазақстан мен Бельгия арасындағы достықты нығайтып, ұзақ мерзімді серіктестіктің дамуына қалай әсер етеді?

— Бельгияның «L’union fait la force» – «Бірлік бар жерде күш бар» деген ұлттық ұраны мен қазақтың «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген даналығының мағыналық үндестігі екі халыққа ортақ құндылықтарды айқындайтын терең символдық мәнге ие. Екі тұжырым да ынтымақтың, құрметтің және ортақ мақсат жолында күш біріктірудің маңызын білдіреді. Бұл – тарихи тәжірибесі мен мәдени ерекшеліктері әртүрлі халықтарды жақындастыратын, мемлекеттер арасындағы достық пен сенімді нығайтатын ортақ ұстаным.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгияның ұлттық ұранын қазақ халқының даналығымен сабақтастыра атап өтуі Президенттің дипломатиялық шеберлігін және мәдени құндылықтардың халықаралық қатынастардағы маңызын терең түсінетінін көрсетеді. Мұндай мазмұнды салыстыру арқылы Мемлекет басшысы екі елдің рухани жақындығына назар аударып, Қазақстан мен Бельгия арасындағы серіктестіктің негізінде саяси және экономикалық мүдделермен қатар, ортақ адами құндылықтар да жатқанын айқындады. Бұл дипломатиялық диалогқа ерекше мазмұн беріп, халықтар арасындағы достықты жаңа қырынан танытады.

Халықаралық қатынастарда мұндай мәдени үндестіктің орны ерекше. Мемлекеттер арасындағы ресми келісімдер саяси және экономикалық ынтымақтастықтың бағыттарын белгілесе, ортақ құндылықтар халықтардың бір-біріне деген қызығушылығы мен құрметін арттырады. Осы тұрғыдан алғанда, Президенттің ұлттық ұрандар арасындағы мағыналық байланысты атап өтуі мәдени дипломатияның мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың үлгісі саналады. Бұл Қазақстанның халықаралық қатынастарда ұлттық болмысын сақтай отырып, басқа халықтардың мәдениеті мен дүниетанымына құрметпен қарайтын мемлекет ретіндегі ұстанымын да айқындайды.

Аталған ортақ құндылықтар білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға да берік негіз қалайды. Университеттер арасындағы байланыстар, бірлескен ғылыми жобалар, мәдени іс-шаралар мен жастар алмасуы екі халықтың бір-бірін тереңірек танып, тәжірибе бөлісуіне мүмкіндік береді. Нәтижесінде жоғары деңгейдегі дипломатиялық байланыстар қоғамдық қатынастармен толықтырылып, екі ел арасындағы достықтың ауқымы кеңейе түседі.

Менің ойымша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы екі ұранның үндестігіне назар аударуы мемлекеттік дипломатияның мазмұнын мәдени және рухани құндылықтармен байыта түсті. Бірлік пен ынтымақты дәріптейтін ортақ даналық Қазақстан мен Бельгия арасындағы достықтың символына айналып, екі елдің ұзақ мерзімді серіктестігін нығайтуға негіз болады. Бұл – ұлттық құндылықтарды халықаралық деңгейде танытудың, халықтар арасындағы рухани жақындықты көрсетудің және өзара құрметке негізделген қарым-қатынасты дамытудың мәнді үлгісі.

— Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданың Қазақстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары екіжақты қарым-қатынастың жаңа кезеңіне жол ашты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарға жоғары деңгейде мән беруі және келіссөздер барысында стратегиялық маңызы бар бағыттарды айқындауы Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі мен еуропалық мемлекеттермен серіктестігін дамытудағы саяси ұстанымын қалай көрсетеді?

— Қазақстанға Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданың мемлекеттік сапармен келуі еліміздің халықаралық байланыстарының кеңейіп, еуропалық мемлекеттермен ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Мұндай жоғары деңгейдегі сапарлар Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтып, мемлекеттер арасындағы саяси диалогты тереңдетуге жол ашады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелдік серіктестермен тікелей диалог орнатуға, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстанның халықаралық бастамаларын ілгерілетуге бағытталған қызметі еліміздің сыртқы саясатының прагматикалық әрі жүйелі сипатын айқындайды. Бельгия Королі мен Патшайымының мемлекеттік сапары Қазақстанға деген жоғары деңгейдегі сенім мен екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға деген ортақ ниетті аңғартады. Келіссөздер барысында ынтымақтастықтың басым бағыттарының айқындалуы және Бірлескен мәлімдеменің қабылдануы сапардың нақты саяси мазмұнын ашады.

Бельгиямен ынтымақтастықтың маңызы оның Еуропалық одақтағы орнына да байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, мемлекеттік сапар Қазақстанның Еуропа елдерімен саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарын тереңдетуге бағытталған маңызды қадам саналады. Бұл еліміздің халықаралық серіктестермен байланысын әртараптандырып, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық тәжірибесі, халықаралық мәселелерді сындарлы диалог арқылы шешуге ұмтылысы және өзара тиімді серіктестікке басымдық беруі Қазақстанның халықаралық аренадағы ұстанымын нығайтуға ықпал етеді. Бельгиямен мемлекеттік сапар аясында қол жеткізілген уағдаластықтар саяси сенімді нақты экономикалық жобалармен, технологиялық ынтымақтастықпен және мәдени-гуманитарлық байланыстармен толықтыруға негіз қалайды. Бұл екі ел арасындағы ұзақ мерзімді серіктестіктің дамуына және Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығының кеңеюіне серпін береді.

— Қазақстан мен Бельгия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті зор. Бельгияның 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 15 миллиард доллардан асты. Келіссөздер барысында көлік-логистика, энергетика, аса маңызды минералдар, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы ықпалдастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысының инвестициялық серіктестікті нығайтуға бағытталған саясаты Қазақстан экономикасына қандай жаңа мүмкіндіктер әкелуі мүмкін?

— Қазақстанға Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданың мемлекеттік сапармен келуі – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сындарлы сыртқы саясаты мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жүйелі жұмысының маңызды көрінісі. Президенттің шетелдік серіктестермен ашық әрі мазмұнды диалог орнатуға, өзара тиімді байланыстарды дамытуға басымдық беруі Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтып, елімізбен ынтымақтастық орнатуға деген қызығушылықты арттырып келеді. Бельгия сияқты Еуропаның жетекші мемлекетімен жоғары деңгейдегі байланыстың дамуы Қазақстанның халықаралық серіктестікті кеңейтуге бағытталған саясатының маңызын айқындайды.

Қазақстан мен Бельгия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті дәстүрлі сауда-инвестициялық байланыстардан әлдеқайда кең. Бельгияның инвестициялық тәжірибесі, дамыған логистикалық инфрақұрылымы, жоғары технологиялық өндірісі және ғылыми-зерттеу әлеуеті Қазақстанның экономиканы әртараптандыру жөніндегі міндеттерімен ұштасады. Мемлекет басшысының келіссөздер барысында экономиканың басым салаларын қамтып, жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға назар аударуы екі ел арасындағы серіктестікті нақты нәтижелермен толықтыруға мүмкіндік береді.

Бірінші маңызды бағыт – көлік-логистика. Қазақстанның Транскаспий халықаралық көлік бағытын, яғни Орта дәлізді дамытуы Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік байланысты күшейтуге мүмкіндік береді. Бельгияның Антверпен-Брюгге порты мен логистикалық компанияларының тәжірибесін пайдалану қазақстандық экспорттаушылар үшін Еуропа нарықтарына шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашуы ықтимал. Бұл бағыттағы ынтымақтастық Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, халықаралық саудадағы орнын нығайтуға ықпал етеді.

Екінші бағыт – энергетика және аса маңызды минералдар. Қазақстан үшін табиғи ресурстарды өндірумен қатар, оларды терең өңдеу, заманауи технологияларды енгізу және қосылған құны жоғары өнім шығару маңызды. Бельгиялық серіктестермен ынтымақтастық өндірісті жаңғыртуға, озық технологияларды игеруге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қазақстандық мамандардың кәсіби әлеуетін арттыруға жол ашады. Мұның барлығы ұлттық экономиканың өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтіп, өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Үшінші бағыт – ауыл шаруашылығы, цифрландыру және жасанды интеллект. Бұл салалардағы бірлескен жобалар агроөнеркәсіптік кешеннің өнімділігін арттыруға, жеткізу тізбектерін оңтайландыруға және өндірістік процестерге заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді. Қазақстанның технологиялық жаңғыруға бағытталған басымдықтары мен Бельгияның ғылыми-инновациялық тәжірибесінің тоғысуы жаңа жобаларды жүзеге асыруға негіз болады.

Мемлекет басшысының инвестициялық серіктестікті дамытуға бағытталған саясаты Қазақстан экономикасына жаңа капитал тартумен қатар, технологиялық білім алмасуға, өндірісті жаңғыртуға және экспорттық әлеуетті арттыруға жол ашады. Бельгиялық іскер топтардың мемлекеттік сапарға қатысуы мен алдағы Қазақстан–Бельгия іскерлік кеңесіне деген қызығушылық екі елдің экономикалық байланыстарды тереңдетуге ниетті екенін көрсетеді.

Осы тұрғыдан алғанда, Король Филипптің мемлекеттік сапары Қазақстан мен Бельгия арасындағы саяси сенімді нығайтып қана қоймай, ұзақ мерзімді экономикалық серіктестіктің жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық диалогты дамытуға және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған саясаты осындай байланыстарды нақты жобалармен толықтыруға негіз қалайды. Бұл Қазақстанның халықаралық экономикалық кеңістіктегі орнын нығайтып, елдің тұрақты дамуына жаңа мүмкіндіктер береді.

— Мемлекеттік сапар аясында Қазақстан мен Бельгия университеттері, музейлері және мәдени мекемелері арасындағы байланыстарды дамытуға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар Almaty Museum of Arts пен KANAL-Centre Pompidou арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету мәселесі көтерілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәдени-гуманитарлық байланыстарды сыртқы саясаттың маңызды бағыты ретінде дамытуы Қазақстанның халықаралық мәдени кеңістіктегі орнын нығайтуға қалай ықпал етеді?

— Қазіргі халықаралық қатынастарда мемлекеттің беделін нығайтуда экономикалық және саяси байланыстармен қатар, мәдениет, ғылым, білім беру және гуманитарлық ынтымақтастық та маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан мен Бельгия арасындағы университеттер, музейлер және мәдени мекемелер деңгейіндегі байланысты дамыту екі ел серіктестігінің аясын кеңейте түседі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға басымдық беруі Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын жаңа бағыттармен толықтырады. Мемлекет басшысының шетелдік серіктестермен жан-жақты байланыс орнатуға бағытталған саясаты еліміздің мәдени әлеуетін танытуға, халықаралық тәжірибе алмасуды дамытуға және Қазақстанның әлемдік мәдени кеңістіктегі орнын нығайтуға мүмкіндік береді. Бельгия Королі Филипптің мемлекеттік сапары аясында осы бағыттағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылуы екі елдің мәдени және білім беру салаларындағы серіктестікті тереңдетуге мүдделі екенін көрсетеді.

Әсіресе, Almaty Museum of Arts пен KANAL-Centre Pompidou арасындағы ынтымақтастықты дамыту қазақстандық өнерді халықаралық аудиторияға таныстыруға, мәдени тәжірибе алмасуға және жаңа шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға жол ашады. Университеттер арасындағы байланыстар ғылыми зерттеулерді дамытуға, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейтуге және бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндік береді. Мұндай бастамалар екі елдің ғылыми және шығармашылық әлеуетін ұштастырып, ұзақ мерзімді кәсіби байланыстардың қалыптасуына ықпал етеді.

Халықаралық қатынастарда бұл бағыт «жұмсақ күш» ұғымымен тығыз байланысты. Мемлекет мәдениеті, білімі, ғылыми жетістіктері мен рухани құндылықтары арқылы халықаралық байланыстарын нығайтып, басқа халықтардың Қазақстанға деген қызығушылығын арттыра алады. Осы тұрғыдан алғанда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәдени дипломатияны дамытуға көңіл бөлуі Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға және елдер арасындағы гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге ықпал етеді.

Мәдени дипломатияның басты ерекшелігі – оның халықтар арасындағы ұзақ мерзімді достық пен сенімге негіз қалыптастыруында. Саяси және экономикалық келісімдермен қатар, мәдениет пен білім саласындағы ортақ жобалар да мемлекеттер арасындағы серіктестікті мазмұндық тұрғыдан байытады. Сондықтан Қазақстан мен Бельгия арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту Мемлекет басшысының көпқырлы сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі ретінде екі елдің байланысын нығайтып, Қазақстанның халықаралық мәдени кеңістіктегі танымалдығын арттыруға мүмкіндік береді.

— Бельгиялықтар Королі Филипп Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің артып келе жатқанын, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ екі елдің халықаралық құқықты сақтау, көпжақты ынтымақтастықты нығайту және қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу ұстанымдарына тоқталды. Осы пікірлер Қазақстанның теңгерімді сыртқы саясаты мен Мемлекет басшысының жауапты дипломатияға негізделген бастамаларының халықаралық деңгейде мойындалуын қалай сипаттайды?

— Бельгия Королі Филипптің Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің артып келе жатқанын, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы жетістіктерін атап өтуі еліміздің халықаралық ынтымақтастықтағы әлеуетін көрсетеді. Қазақстан бүгінде дәстүрлі дипломатиялық байланыстарды дамытумен қатар, технологиялық жаңғыруға және халықаралық бастамаларға белсенді қатысуға басымдық беріп келеді. Бұл еліміздің заманауи даму бағыттарын халықаралық серіктестікпен ұштастырып отырғанын аңғартады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық диалогты дамытуға және әртүрлі мемлекеттермен өзара тиімді байланыстар орнатуға бағытталған саясаты Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының негізгі ұстанымдарын айқындайды. Мемлекет басшысының бастамалары ұлттық мүдделерді ілгерілетуге, халықаралық серіктестер шеңберін кеңейтуге, экономикалық байланыстарды әртараптандыруға және жаһандық мәселелерді шешуге үлес қосуға бағытталған. Осындай жүйелі дипломатиялық жұмыс Қазақстанның халықаралық аренадағы орнын нығайтып, еліміздің түрлі мемлекеттермен ұзақ мерзімді әрі тиімді серіктестік орнатуына мүмкіндік береді.

Қазақстан мен Бельгияның халықаралық құқықты сақтау, көпжақты ынтымақтастықты нығайту және қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу мәселелеріне басымдық беруі екіжақты саяси диалогтың ортақ негіздерін айқындайды. Бұл ұстанымдар халықаралық ұйымдар аясындағы байланыстарды дамытуға, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтуға және өзекті халықаралық мәселелер бойынша сындарлы диалог жүргізуге жол ашады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік пен дипломатиялық келіссөздерді қолдауға бағытталған ұстанымы Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы рөлін айқындай түседі.

Сонымен қатар цифрландыру мен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық Қазақстанның халықаралық технологиялық кеңістіктегі мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл бағыттар ғылыми зерттеулерді дамытуға, озық тәжірибелермен алмасуға және жаңа технологияларды экономиканың түрлі салаларына енгізуге жол ашады. Бельгия тарапынан Қазақстанның осы салалардағы жетістіктеріне назар аударылуы еліміздің технологиялық даму бағытының халықаралық деңгейде танылып келе жатқанын көрсетеді.

Жалпы, Бельгия Королі Филипптің мемлекеттік сапары Қазақстанның халықаралық серіктестігін кеңейту мен сыртқы саяси басымдықтарын ілгерілетудегі маңызды оқиға болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сындарлы дипломатиясы, халықаралық диалогты дамытуға және өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға бағытталған бастамалары еліміздің халықаралық байланыстарын нығайтуға ықпал етеді. Қазақстанның саяси диалогты, экономикалық серіктестікті және технологиялық дамуды қатар ілгерілетуі елдің халықаралық аренадағы беделін арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

 

 

Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Информационное сообщение
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.