• Последние

«Бюджет ашықтығы – даму кепілі» атты сұхбат алаңы Нұр-Сұлтанда өткізіледі

02.03.2020

У главы Nvidia заподозрили еще один тайный роман: ему грозит отставка

12.11.2026

Министерство культуры и информации Казахстана поддержит развитие отечественной онлайн-библиотеки PARAQTA

11.11.2026

В ЗКО прошли встречи РИРГ по разъяснению Послания Президента

11.11.2026

Джонни Депп вернулся в крупное голливудское кино впервые за восемь лет

11.11.2026

Кок-Жайлау: изучение растительного мира и сохранение природного наследия

11.11.2026
Thermometer on snow shows low temperatures - zero. Low temperatures in degrees Celsius and fahrenheit. Cold winter weather - zero celsius thirty two farenheit.

Снег, гололед и морозы: какой будет погода в Казахстане 12 ноября

11.11.2026
Cropped shot of a group of colleagues using their smart phones in synchronicity

Дёшево и быстро: где находится Казахстан на мировой карте мобильного интернета

11.11.2026
Фото: Lightning in WA's Pilbara region

Небо вспыхивало миллион раз: мощная стихия обрушилась на Австралию

11.11.2026
Фото: Polisia.kz

Ушёл из дома и не вернулся: пропавшего подростка нашли в печи в Петропавловске

11.11.2026

Попрощаемся с пломбами? Ученые создали гель для восстановления зубной эмали

11.11.2026
Кадр из видео. t.me/Quryltai

Наука как стратегический ресурс: в Курултае обсудили эффективность финансирования и результаты аудита в сфере НИОКР

11.11.2026
Фото: NEWS1

Автобус протаранил 32 автомобиля в Южной Корее: пострадали 48 человек

11.11.2026
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/11/12/10:27
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
  • Информационное сообщение
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

«Бюджет ашықтығы – даму кепілі» атты сұхбат алаңы Нұр-Сұлтанда өткізіледі

3 наурызда Нұр-Сұлтан қ., Marriott Hotel Astana қонақүйінде Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік органдары мен Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті органдары бюджет ақпаратының ашықтығы, есептілігі және тиімді жұмсалуы жөнінде талқылау өткізеді.

by Toppress.kz
2020/03/02 06:15
A A

3 наурызда Нұр-Сұлтан қ., Marriott Hotel Astana қонақүйінде Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік органдары мен Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті органдары бюджет ақпаратының ашықтығы, есептілігі және тиімді жұмсалуы жөнінде талқылау өткізеді. Шараның ұйымдастырушылары – Сорос-Қазақстан Қоры және "Zertteu Research Institute" қоғамдық қоры, деп хабарлайды Toppress.kz.

Бюджет ашықтығы соңғы жылдары өзекті тақырыпқа айналды. Мемлекеттік органдарға сенім бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына тікелей байланысты. Қазақстан Республикасы отандық туризмді дамытуға, жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында кәсіптік оқыту бағдарламасына, аула клубтарын көбейтуге  әр жылы миллиардтаған қаржы шығындайды. Өкінішке орай, бұл салаларда алға жылжу байқалмайды. Қаржының қалай, қайда, қаншалықты тиімді жұмсалып жатқаны туралы ақпарат ашық емес. 

"Zertteu Research Institute" зерттеулері бойынша, бюджет процесінің ең жабық кезеңдері – жоспарлау мен қарау, бекіту. Жоспарлау кезеңінде бюджет жоспары көпшілікке таныстырылмайды, жергілікті азаматтар бюджет жобасын әзірлеу, талқылау, қалай да бір ықпал ету жұмыстарынан тыс қалады. Жергілікті мәслихаттар қоғамды бұл процеске араластыруға құлықсыз. Бюджет жобасын жариялап, ол туралы қоғамды ақпарттандыру, қатыстыру жұмыстары жүргізілмейді. Сондай-ақ бюджетті жүзеге асыру процесінде де ашықтық жетіспейді. Нәтижесінде қарапайым азаматтар бюджет қаржысының жұмсалуы, оның тиімділігі туралы хабарсыз. 

ҚР Сыйбалас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму басқармасының жауапты мамандары "Zertteu Research Institute" эксперттері мен қоғамның белсенді азаматтарымен бірлесіп, осы сұрақтарды ашық талқылайды. 

Сонымен қатар сұхбат алаңында Сорос-Қазақстан Қоры ұйымдастырған "Open Budget Fellowship" жобасының түлектері Назерке Абибулла, Халима Тәжіқұл, Жанар Оспанова және Альфия Шамаева өздерінің зерттеу тақырыбы бойынша баяндама жасайды. "Қазақстан туризмі: брендинг пен имиджге бөлінетін қаржының ашықтығы", "Нұр-Сұлтанның аула клубтары: ашықтығы мен тиімділігі", "Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы тәсілімен іске асырылатын жобаларды орындау барысының ашықтығы" және "БҚО Ақжайық ауданында жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға бөлінген қаржының тиімділігі" жөнінде мүдделі тараптар мен қоғам белсенділері талқылау өткізеді. Зерттеулердің толық нұсқасын Сорос-Қазақстан қорының www.soros.kz сайтынан таба аласыздар. 

Шараға қатысуға тілек білдірген журналистер жоба үйлестірушісі Ғалымжан Оразымбетпен +77075641454 және Алтынай Нуркеевамен +7 707 854 44 06 номері арқылы байланысуын өтінеміз. 

Рекомендуем также

Казахстан

Министерство культуры и информации Казахстана поддержит развитие отечественной онлайн-библиотеки PARAQTA

11.11.2026
Казахстан

В ЗКО прошли встречи РИРГ по разъяснению Послания Президента

11.11.2026
Казахстан

Кок-Жайлау: изучение растительного мира и сохранение природного наследия

11.11.2026
Казахстан

Снег, гололед и морозы: какой будет погода в Казахстане 12 ноября

11.11.2026
Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Информационное сообщение
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.