• Последние

Бьюти-шебер Ильвира Сарсекбаева: саусақ ұшымен танытқан жол

2018/09/02 19:17

Как российские СМИ меняют смысл казахстанских новостей ради громких заголовков

2026/06/29 19:19

В Астане вручили специальное издание новой Конституции с обращением Президента

2026/06/29 19:02

Казахстан занял 24-е место в глобальном рейтинге прав детей

2026/06/29 16:44

Россия ввела запрет на экспорт топлива и лимиты на АЗС из-за дефицита бензина

2026/06/29 16:13

Любовь, деньги и карьера: гороскоп на ближайшие будние дни

2026/06/29 16:04
Фото сгенерировано ИИ

Казахстанец притворялся полицейским, обманул инвалида и обчистил квартиру: серийный аферист

2026/06/29 15:53

Стрельба у фан-зоны ЧМ в США: есть погибший и тяжелораненый

2026/06/29 15:41

Мужчина ограбил магазин, угнал патрульную машину и совершил ДТП в Павлодаре

2026/06/29 15:18

Почему появляется смог в городах Казахстана?

2026/06/29 15:02

Самолет с парашютистами разбился во Франции: погибли 11 человек

2026/06/29 13:58

«Казахмыс» внедряет 3D-печать и робототехнику для масштабной модернизации своих заводов

2026/06/29 13:35
сгенерировано ии

32 семьи стали жертвами аферы с ЕНТ: подозреваемого вернули из Албании

2026/06/29 13:06
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/06/29/23:53
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Бьюти-шебер Ильвира Сарсекбаева: саусақ ұшымен танытқан жол

2018/09/02 19:17
in Казахстан
A A

Саусағың тиіп, сипағаның өнерге айналса және сол еңбек сені бар әлемге мойындатса қазақстандық Ильвира Сарсекбаеванікі секілді табысты өмір тарихы қалыптасады. Жақында ғана дарынды бьюти-шебер беделді Miller Spa Practikan in France халықаралық чемпионатынан жеңіспен оралды, деп хабарлайды Toppress.kz.

Бедел және мойындау

Miller Spa Practikum in France – жыл сайын Парижде SPA және эстетика халықаралық конгресі аясында өтетін беделді халықаралық чемпионат. Ұйымдастырушылары – SPA француздық оператордар федерациясы және Élégance France кәсіби желісі. Мұнда сонымен қатар сұлулық индустриясының кәсіпқойлары мен қызметкерлері де бар.

Чемпионаттың негізі қаланған сәттен бастап ол SPA әлеміндегі маңызды оқиғаға айналып, қатысушыларға машықтарын көрсетуге, өзара тәжірибе алмасуға, қоғамдастықта кәсіби тұрғыда беделге ие болуға мүмкіндік беруде.

Чемпионатқа іріктеу алдын ала жүргізіледі: қатысуға тілек білдіргендер онлайн өтінім қалдырып, оған дипломдары мен сертификаттарын қоса тіркейді. Массаж шебері әрі эстетист Ильвира Сарсекбаеваның айтуынша, байқауларға қатысу ол үшін кәсіби тұрғыда өсудің ажырамас бөлігіне айналды. Сондықтан өтінімді ол бәсекелестерінің деңгейінен қорықпастан, еш тайсалмастан берді.

«Miller Spa Practikum in France байқауына қатысудың өзі – шебердің жоғары деңгейін мойындауды көрсетеді, себебі қатысар алдында сайыскерлерден портфолио, біліктілігін ресми растайтын құжаттары мен массаж және эстетика саласында тәжірибесі талап етіледі», – деп атап өтті кейіпкеріміз.

Шығармашылық пен өсу еркіндігі

Чемпионаттың өзіндегі сайыстар әрқайсысы шеберліктің түрлі қырларына бағытталған үш кезеңге бөлініп өтті. Бірінші бөлігі креативтілік пен бірегейлікті көрсетуге арналды. Мұнда қатысушылар авторлық әдістемелерін, СПА-тәсілдерін және дене мен бетке арналған массаж техникаларын араластыра көрсетеді. Екінші бөлігі бұлшық еттер мен буындарға бағытталған, анатомиялық жағынан дәл, медициналық тұрғыда сауатты техникаларға негізделді. Үшінші бөлігі дененің энергетикалық ағынын үйлесімді етуге бағытталған тәжірибелік жаттығулардан тұрды.

Қазылар алқасының құрамында Франция мен одан басқа шетелдерде танымал, SPA, массаж, физиотерапия, эстетика және Wellness салаларындағы сарапшылар болды. Барлық финалистер өзінің таңдаған санатына қарай модельдерге массаж техникасын жасап көрсетеді.

«Әрбір қимыл бірнеше критерий бойынша бағаланады, яғни орындау техникасы, еңсесін дұрыс ұстауы, тыныс алу, тазалық пен қимыл-қозғалыстың жатықтығы, модель болатын адаммен байланыс, энергетика және жалпы тәсілдің тұтастығы назарға алынады. Яғни, төрешілер сенің жұмысқа қалай беріліп істейтініңді, ал модельдер техниканы қаншалықты сенімді және сауатты қолданатыныңды көреді», – деп түсіндірді Ильвира.

Байқауда ол өзі көп жылдан бері қолданып жүрген, бетке, мойын-жаға аймағына арналған жапондық техника – кобидоны жасауды көрсетті. Қазылар алқасын өзінің креативтілігі және СПА-техника мен массажды біріктірудегі бірегейлігімен таңқалдырып, Ильвира «Фристайл» санаты бойынша бірінші орын алды.

Жарыстар – қалыптасу жолы

Көптеген шеберлер байқауларға қатысу шаршатып жібереді немесе қатысу міндетті емес деп санайды. Ал Ильвира болса, керісінше, сайыс алаңы – тек сын-қатер ғана емес, сонымен қатар өсу баспалдағы екеніне сенімді. Байқаулар шеберлерге үлкен мүмкіндіктер береді, яғни жұмыс берушілер тарапынан қызығушылықтың артуына, жеке ісіңді ашуға, авторлық әдістемелеріңді жүзеге асыруге септік етеді. Кәсіби байланыс деңгейі мен нетворкингті күшейтіп, өзара білім алмасуға әсері мол.

«Мен үшін байқауларға қатысу – ең алдымен дамудың жаңа кезеңі, өзімді халықаралық деңгейде көрсетудің мүмкіндігі. Жеңген сайын біз бьюти-индустрия әлемінде бет бейнемізді қалыптастырамыз. Бәсекелестік, қарбаластық, ғаламат адреналин… Сосын – жеңілдену, шабыттану және өзің үшін мақтаныш сезімі. Бұл тек жан жақтағылардың сені мойындауы ғана емес, бұл өз-өзіңнің алдындағы ішкі жеңісің. Мұндай сәттерде мен өмірде өз орнымды тапқанымды және өзім кезінде армандағандай миссиямды атқарып жүргенімді сезінемін. Осылайша болашақта ниет етіп отырғандай, басқа елдерде де бұдан да үлкен жетістіктерге жететініме сенімдімін», – деп бөлісті ойымен шебер.

Бойында көшбасшылық қасиеттері мол ол үшін байқауларға тек қатысып қана қою емес, бастысы жеңу өте маңызды болғанын өзі де мойындайды.

«Көбі қатыссақ болды, бастысы сол маңызды» деп жатады. Меніңше, білімі мен машықтарына сенімсіздер ғана өздерін солай жұбатады. Ал жеңіс қашан да жемісін береді: жеке брендің өседі, беделің мен құндылығың артады. Өз салаңда сені үздік деп танығанда саған көбірек сенім артады. Еңбегіңнің осы нәтижесі әсіресе, сен шетелде мансап қуатын болсаң мықты құралыңа айналады», – деп сеніммен айтады Ильвира.

Қазақстандық әйел әрбір шебер өзіндік даму жолынан өтіп, тағдырдың сын-қатерінен қорықпауы қажет деп санайды. Үздіксіз білім алу және жарыстарға қатысу – міндетті түрде жемісін беретін, өзіңе салынған инвестиция.

 

Поделиться
Твитнуть
Поделиться
Лайк

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

Total
0
Share