Қазақстанда тағы 97 адам COVID-19 жұқтырды — деп хабарлайды Toppress.kz тілшісі Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандағы коронавирус бойынша 21 сәуірдің 09:35 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай.
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 97 адам тіркелді, оның ішінде Қостанай облысында — 4, Алматы қаласында — 62, Жамбыл облысында — 4, Батыс Қазақстан облысында — 4, Шығыс Қазақстан облысында — 3, Шымкент қаласында — 2, Түркістан облысында — 5, Маңғыстау облысында — 1, Нұр-Сұлтан қаласында — 4, Қызылорда облысында — 2, Қарағанды облысында — 6.











