• Последние

Дәстүрлі имамдар форумы биыл да жалғасын тапты

2019/10/24 07:13
Фото: Vecteezy

Популярная спортивная добавка оказалась полезной в борьбе с депрессией

2026/07/01 14:47

Президент Казахстана назначил дату выборов в Курултай на 23 августа

2026/07/01 14:33

Сын Александра Лукашенко окончил Пекинский университет

2026/07/01 14:30

«Казахмыс» реализует масштабную реконструкцию парка «Жастар» в Жезказгане

2026/07/01 13:31

Партия «Әділет» соберет инициативы бизнеса для развития горно металлургического комплекса

2026/07/01 13:08

Самый высокий памятник Месси в мире неожиданно стал вирусным

2026/07/01 12:58

Новая Конституция РК закрепила защиту персональных данных на высшем уровне

2026/07/01 12:29

Вступление в силу Новой Конституции: официальное заявление партии «Ак жол»

2026/07/01 12:22

В Карагандинской области обновили первые железнодорожные вокзалы

2026/07/01 12:14

В Астане обсудили роль премии «Евразия» в укреплении дружбы народов и международного сотрудничества

2026/07/01 11:59

Школьники угнали автомобиль и устроили погоню в Уральске

2026/07/01 11:55

Всплыли новые подробности о полицейском, чье сожженное тело нашли в горах

2026/07/01 11:55
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/07/01/14:50
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Дәстүрлі имамдар форумы биыл да жалғасын тапты

2019/10/24 07:13
in Казахстан

Елордада «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» ІІІ республикалық имамдар форумы өтті. Шараның ашылу салтанатына Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, 500-ден астам имамдар, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен теологтар қатысты. Ең алдымен Ерлан Қошанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын оқыды. Онда дінбасылар мен Мұсылмандар діни басқармасы, атап айтқанда, қазақ жерінде бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы маңызды рөлге тоқталды, деп хабарлайды Toppress.kz.

Мемлекет басшысы игі дәстүрге айналған Имамдар форумының ашылуымен құттықтаудан бастады. Онда: «Парасаттылық, отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін халықтың санасына сіңіру-сауабы мол, абыройлы миссия. Осындай ізгі құндылықтар еліміздегі мұсылмандар қауымын біріктіріп, ынтымағын арттырып отыр. Осы орайда, имамдарымыз халық арасында рухани ағартушылық жұмыстарын ұдайы жүргізіп, жас ұрпақтың бойында имандылықты дарытуға атсалысуда бұл өте маңызды қадам.

Қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту арқылы Қазақстан халқының тұтастығын сақтап, ұлттық болмысымызды айшықтау бәрімізге де ортақ парыз. Бұл жиын Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасына және еліміздегі дін өкілдерінің рухани бастамаларына тың серпін береді деп сенемін», − делінген Президент жолдауында. 

Жиында сөз алған Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мемлекеттің өркендеуі оның экономикасының дамуымен, халықтың әл-ауқатының артуымен ғана өлшенбейтінін, ұлттың жан-жақты білімі, жан дүниесінің тазалығы, рухани байлығы аса маңызды мәселе екенін жеткізді. 

Алқалы жиында сөз алған Дәурен Абаев Тәуелсіздік алғалы бері, елімізде дәстүрлі Исламның, жалпы діннің рөлі айтарлықтай өскенін атап өтті.

Азаматтардың, әсіресе жастардың дінге бетбұрысы, қоғамдағы белсенділігі артып келеді. Осы тұста біздерге діни бағыттағы даму жолымызды саралап, заманауи талаптарға сай түлетіп алу қажет. Бізде тарихи тұрғыда қалыптасқан ислам діні біркелкілігімен, төзімділігімен және дәстүрімізбен астасып жатуымен ерекшеленеді,−деді Д.Абаев. 

Министрдің айтуынша, қазіргі қоғамда діннің атын жамылып кейбір адамдар экстремизм мен терроризмді, діни фанатизмді насихаттап жүргендер баршылық. Олар қазақ жеріндегі сан ғасырлық тарихы бар исламды, бабаларымыздың Әл-Фараби мен Жүсіп Баласағұн, Шәкәрім дәріптеген дінімізден сырт айналып, диструктивті діни ағымдардың жетегінде кетті. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдында ерекше жауапты жұмыс тұр. Ол еліміздегі мұсылмандарды қолда бар алтынның қадірін білуге, оны қастерлеуге, балалар мұрасы асыл дінімізді көзінің қарашығындай сақтауға үйрету. Оған қоса, Ислам дінін ұстанушылардың діни білімін арттырып, ғаламдық сұраныстарға жауап бере алатын сапалы өніммен тәрбиелеу кезегін күттірмейтін шаруа, − деді ол.

Жиында баяндама жасаған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қоғамда көрініс тапқан мәселелерді шешудің жолын атап өтті. Оның айтуынша, рухани жандүниесі бай адам осы жолды таңдайды. Қоғамда көрініс тапқан мәселелер – отбасылық келеңсіздіктер, оның ішінде ажырасу оқиғалары, суицид, біреудің арын таптау, ұрлық, зорлық-зомбылық, т.б. Осындай күрделі мәселелерді шешудің бір ғана қуатты жолы – рухы биік сананың қалыптасуы.

Сана түзелсе – адам түзеледі. Адам түзелсе – қоғам түзеледі. Рухы биік сана барша жамандықтан қорғанатын қалқан. Біз осы бағытта жұдырықтай жұмылып, көбірек жұмыс істеуіміз керек. Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы игі идеяларды, сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды Тұғырнамасында көрсетілген «Баршаға ортақ игілік. Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» бастамасын қолдай отырып, оған үлес қосуды азаматтық борышымыз деп санаймыз. Бүгінгі шара – осындай ізгі ойдан туған бастама. Біздің басты құндылығымыз – елдің амандығы мен жердің тыныштығы, бірлігі мен бейбітшілігі. Дін қызметкерлері мұны айтудан ешқашан жалыққан емес. Өйткені пайғамбарымыз прогреске үндеген. Дамудың жолын көрсеткен. Кертартпа көзқарас алға жылжуды тежейді, – деді.

Форум қорытындысы бойынша  бірқатар маңызды құжаттар бекітілді, олар: «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани Тұғырнамасы, «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі», «Діни қызметкерлердің лауазымдық міндеттері», «Діни лауазымдар тізілімі». Аталмыш құжаттар  «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен   бірлесіп дайындалған.

Ерекше назар аударатын жағдай, елімізде мұндай құжаттар алғаш рет қабылданып, қолданысқа енгізілгелі отыр. Бұл діни ұғымдар, рәсімдер мен міндеттерді жалпы ұғу және түсіндіру қажеттілігінен туындады.

«Жеті рухани қазық» мұсылмандардың Рухани Тұғырнамасында Қазақстандағы Исламның өзіндік даму жолын анықтайтын негізгі рухани құндылықтар мен бағыттар бекітілген, олар: «имандылық», «отаншылдық», «білімділік», «ауызбіршілік», «еңбекқорлық», «мәдениеттілік» және «әділдік». 

«Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі» азаматтарға діни қызметшілердің діни жораларды қалай орындауы керектігі туралы толық түсінік береді. Осы ретте, әрбір рухани қызметші өзінің лауазымдық мәртебесіне байланысты белгілі бір діни рәсімдер мен салттарды орындай алады.

Мұндай реттеу халық арасындағы діни рәсімдер тізілімін дұрыс орындауға қатысты бірқатар түсініспеушілік пен келіспеушіліктерді оң шешуге ықпал етеді. Бұл құжатта дін қызметкерлері орындайтын діни салттардың 45 тізілімі толық түсіндіріледі.

Тізілім мұсылманға туғаннан бастап, о дүниеге өткенге дейінгі барлық негізгі жоралғыларды қамтиды. Атап айтқанда, намаз, бата беру, азан, жұма намаздары, Рамазан айының діни іс-шаралары (ауызашар беру, Қадыр түні, тауарих және айт намаздары және т.б.), зекет, қажылық (ихрам тәртібі, арафа, тауаф күніне табыну және т. б.), намаз, Құрбан айт, неке қию, жаназа (кебіндеу, жерлеу, зиратты жинау, зиратта Құран оқу және т. б.)

«Діни қызметкерлердің лауазымдық міндеттері» және «Діни лауазымдар тізілімі» құжаттарында діни қызметке жауапты аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі имамдардан бастап институт, медресе және медресе-колледж директорларына дейін барлық діни қызметкерлерге арналған лауазымдық міндеттер мен біліктілік талаптары айқын көрсетілген.

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist