22 қыркүйек күні Алматыда республикалық "балалар Евровидениесінің" ақтық сыны болып өтті. Минскіде өтетін халықаралық байқауға қатысып, ел намысын қорғау мүмкіндігі үшін аса дарынды он балақай бақ сынасты.
"Халық аренада" көрермендер алдында 134 қатысушының ішінен суырылып шыққан 10 өнерпаз ән шырқады.
Гала концертте шырқалған әндердің барлығы су жаңа. Себебі, бұл халықаралық байқаудағы негізгі талаптардың бірі. Данэлия Төлешова сазгер Иван Лопуховтың музыкасына жазылған "Өзіңе сен" туындысын орындады. Аталған әннің сөзін Кәмиля Дайырова, Артем Кузьменкова және жас әншінің өзі жазған.
Айта кетерлігі, балақайлар сахнаға шығып тек қана әндерін ғана айтып қоймай, сондай-ақ нағыз кәсіби әртістерге сай шоу жасады. Алаңға жиылған көпшілік әрбір шырқалған әннен кейін өз қошеметтерін аямай отырды."
Балалар Евровидениесіне" ел атынан бір-ақ бала бара алатын болған соң, оны әділқазылар алқасы мен қазақстандықтардың дауыс беру көрсеткіші арқылы анықтады.
Ең көп дауыс жинаған әнші болып Данэлия Төлешова табылды.
Жеңімпаз қыз Seize the Time әнін орындап жеңіске жетті. Енді ол бұл әнді Минскіде өтетін халықаралық додада шырқамақ.