Ортақ мәмлеге келу, диалог орнату адамзаттың бейбіт өмірін сақтауға негіз болмақ. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVIII отырысы барысында Сауд Арабиясы Корольдігі Ислам, уақып және уағыз істер министрлігі Діни атташелер мен маусымдық бағдарламалар жөніндегі департаментінің Бас директоры, Мұхаммед Абдулуахед Абдулла әл-Арифи мәлімдеді. Оның айтуынша, конфессия аралық дін өкілдері бір-бірін қолдау арқылы үлкен қауымның түсініспеушілігін, содан туындайтын қақтығыстардың алдын алуға қадам жасайды, деп хабарлайды Toppress.kz.
- Бүгінгі бейбітшілік пен ынтымақсаттық орнаған елдердің үлгісі әлемнің екінші бөлігінде қақтығыстар мен қан төгістің құрбаны болып отырған елдерге сабақ болса дейміз. Террористік топтардың әрекеттерінен қанға боялған елдер, бейбіт тұрғындардың жай-күйі қорқыныш пен үрей сезімін тудыртады. Ең сорақысы млрд-таған адамдардың жаны құрбандыққа шалынып кетіп жатыр. Жат ағымның жетегінде жүрген адамдардың құндылықтары да өзгеше олардың ойлары мен пікірлері ислам әлемінен ада, жат. Осындай қалыптасқан қарсы құбылыстарға төтеп беруге тиіспіз. Олай болмаған жағдайда, әлемнің алдындағы сын-қауіп қатер еселеп, түйіткілді мәселелер күрделене береді. Бүгінгі диалогты жалпы адамзаттың игілігі үшін жалғастыруға міндеттіміз. Дін өкілдерінің көздесулері адамзаттың құндылықтарын арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі кездесуден шығатын діни қақтығыстардың алдын алуға мүмкіндік бар. Өйткені ортақ алаң негінде ортақ мүддеге жұмыс жүргізуге мүмкіндік туып отыр,-деді Мұхаммед Абдулуахед Абдулла әл-Арифи. Оның айтуынша, дінге дұрыс түсінік беру мәселесі көптенген проблемалы мәселелердің туындауын тежейді. Дәл бүгінгі қоғамда туындап отырған діни алауыздықтің негізгі себебі діни ізгіліктің дұрыс насихатталмауы, таралмауы, түсіндіруілмеуінде болып отыр. Дін тақыбырын айтқан кезде көмескі, күңгірт ойларға ерік беріп, астарынан қандай да бір идеология іздеуге жол беріп отырмыз деген ол әр адамның діни нанымы оның өз еркіндегі дүние екенін, жанының қалауы екенін, сондықтан адамзатты бірлесе ізгілікке жұмылдырудың мән-маңызы орасан екенін назарға алды.
Жиын соңында әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XVIII хатшылығының жұмыс тобы арнайы құжатпен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еңбегін мәңгі есте қалдыруды ұсынды.
- Жұмыс тобының барлық мүшелері бір ауыздан съездің (Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі) бірегей екендігін және оның 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс өтетіндігін атап өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың съезді шақырудағы, оның идеяларын әлемдік аренада ілгерілетудегі іргелі үлесі айрықша аталып өтілді, – деді Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XVIII хатшылығының отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов. Осы орайда, вице-министр аталған жұмыс тобы тарапынан Елбасының съезд жұмысын ілгерілетудегі ерен еңбегін арнайы құжат арқылы мәңгіге есте қалдыру туралы ұсыныс болғанын айтты.
- Осынау бастама аясында жұмыс тобының мүшелері арнайы құжаттың түрі мен форматын ойластыруға дайын екендіктерін білдірді. Аталған құжатты 2021 жылы өтетін 7-ші съездте қабылдауға болар еді. Онда съезд авторы Нұрсұлтан Назарбаевтың осынау бірегей жаһандық тұғырнамамызды құрудағы айрықша рөлі көрініс табады, – деді М.Әзілханов.
Айта кетерлігі, әлемнің сан түрлі діни өкілдерінің басын біріктірген алаңда негізгі төрт мәселе қаралды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съез қорытындылары мен Хатшылық қызметінің келешегі бойынша пікір алмасу. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 2021 жылғы VII Съезін өткізу бойынша ұсыныстар. Оның ішінде съездің негізгі тақырыбы, секциялық отырыстардың тақыптары, өткізілу мерзімдері қамтылған. Сонымен қатар, съез Хатшылығының ХІХ отырысын өткізу уақыты мен орнын анықтау мәселесі де қаралды.
Отырысқа ҚР Парламенті Сенатының төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Дариға Назарбаева төрағалық етуде.