"Эйр Астана" ұшағының бортында шу шығарған Қырғызстан мемлекетінің Еңбек және әлеуметтік даму вице-министрі Зууракан Каденова қызметінен босатылды деп хабарлайды Бишкек АКИpress .
Премьер-министр Мұхаммедкалый Абылғазиев тиісті жарлыққа қол қойды.
Зууракан Каденова Сеул әуежайындағы ұшақ бортында шу шырғаннан кейін қызметінен босатылған.
Айта кетейік, экс-шенеунік Еңбек және әлеуметтік даму министрінің орынбасары қызметіне 2015 жылы тағайындалған.