• Последние

Экономикалық даму көрсеткіштері баяндалды

2018/10/16 15:26
Пример HTML-страницы
Елназ Калиахмет и Казыбек Ногербек – новые чемпионы Казахстана!

Елназ Калиахмет и Казыбек Ногербек – новые чемпионы Казахстана!

2025/06/01 20:05
Казахстан и Азербайджан углубляют стратегическое партнерство

Казахстан и Азербайджан углубляют стратегическое партнерство

2025/06/01 13:32
Турист повредил двух терракотовых воинов в Китае

Турист повредил двух терракотовых воинов в Китае

2025/06/01 12:16
Зону отдыха с искусственным озером открыли в Туркестане

Зону отдыха с искусственным озером открыли в Туркестане

2025/06/01 10:44
WhatsApp перестанет работать на некоторых моделях iPhone с 1 июня

WhatsApp перестанет работать на некоторых моделях iPhone с 1 июня

2025/06/01 10:39
Александр Бублик впервые в карьере вышел в четвёртый круг Открытого чемпионата Франции

Александр Бублик впервые в карьере вышел в четвёртый круг Открытого чемпионата Франции

2025/06/01 09:37
Казахстан отмечает Международный День защиты детей

Казахстан отмечает Международный День защиты детей

2025/06/01 08:36
Перебои в работе TikTok, Instagram и Facebook зафиксированы в Казахстане

Перебои в работе TikTok, Instagram и Facebook зафиксированы в Казахстане

2025/05/31 21:28
Италия и Казахстан: стратегическое сближение на фоне меняющейся геополитики

Италия и Казахстан: стратегическое сближение на фоне меняющейся геополитики

2025/05/31 18:00
Разгромом закончился матч Путинцева — Андреева на «Ролан Гаррос»

Разгромом закончился матч Путинцева — Андреева на «Ролан Гаррос»

2025/05/31 15:35
Инновационные разработки Farabi Hub показали казахстанским и узбекским парламентариям

Инновационные разработки Farabi Hub показали казахстанским и узбекским парламентариям

2025/05/31 13:28
Восемь стран ОПЕК+ увеличат добычу нефти в июле

Восемь стран ОПЕК+ увеличат добычу нефти в июле

2025/05/31 12:22
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
25/06/02/10:05
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Сказано – сделано
  • Еще
    • Интересное
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Экономикалық даму көрсеткіштері баяндалды

2018/10/16 15:26

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2018 жылғы тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің орындалу қорытындылары қаралды. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, 2018 жылғы қаңтар–қыркүйек аралығында Қазақстан экономикасы өсімнің оң қарқынын сақтап тұр.

Пример HTML-страницы

−Есепті кезеңде ЖІӨ өсімі 4,1%-ке дейін артты. Бұл осы жылдың сегіз айындағы көрсеткіштен 0,3 проценттік тармаққа жоғары. Базалық салалардың ішінде сауда саласы мен құрылыс саласындағы серпіннің қалпына келуі өсімнің үдеуіне негізгі үлес қосты. Сондай-ақ, инфляциялық қысымның жеңілдеуі және инвестициялық сұраныстың артуы экономикалық белсенділіктің импульсі болып отыр, – деді Т. Сүлейменов.

Оның айтуынша, инфляция деңгейі 5–7% дәлізі шегінде сақталып отыр. Қыркүйекте инфляция 0,4%, ал жыл басынан бері 3,3% құрады. Бұл ретте жылдық инфляция — 6,1% құрады. ҚР ҰЭМ деректері бойынша, кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігінің жоғары көрсеткіші сақталуда. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 21,6% өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бойынша 12 өңірде өсім көрсеткен.

Ал биылғы тоғыз айда өнеркәсіп өндірісінің өсімі 4,8% құрады. Өңдеу өнеркәсібі бойынша өсім 5,1% құрады, бұл мақсатты көрсеткішке сәйкес келеді. Бұл ретте түсті металдар өндірісі 4,5%-ға, мұнай өңдеу өнімдері өндірісі 7,5%-ке, химия өнеркәсібі өндірісінің — 8,2%-ке, қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндірісінің — 9,2%-ке, жиһаз өндірісінің — 5,1%-ке, сондай-ақ машина жасаудағы өнім шығарудың үлесі 14,5 процентке артқан.

−Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өсім қарқыны 4,9% құрады. Құрылыс саласында 4,4% өсім байқалады. Өсімнің жылдамдауы тұрғын ғимараттарды, өнеркәсіптік нысандарды, нөсерлік кәріз жүйесінің магистральді коллекторларын салу, автокөлік жолдарын реконструкциялау, МӨЗ жаңғырту жұмыстарының ұлғаюымен байланысты. Бұдан өзге, қызметтер көрсетуде 3,9%-ға қалыпты өсу байқалады. Негізгі үлесті қосқан сауда саласы. Саудадағы белсенді өсім іскерлік белсенділікті ынталандырады. Бүгінгі күні белгіленген кестелерге сәйкес мұнай мен металл жөнелту, астық, жабдықтар, фармацевтика және басқа да өнімдерді сату қарастырылған,- деді Т. Сүлейменов.

Министр келтірген мәлімет бойынша Сыртқы сауда айналымы тұрақты өсім қарқынын сақтап тұр: сегіз айда өсім 21,6% құрады. Сонымен қатар, экспорт 28,2%-ке, импорт 10,8 процент. Еңбек нарығында тұрақтылық сақталған. Жыл басынан бері 414,5 мың адам жұмыспен қамтылған (1 қазандағы жағдай бойынша). Осы жылдың қаңтар–қыркүйек айларында орташа айлық еңбек ақы 158,2 мың теңгені құрап, нақты мәнінде 1,9%-ға өсті. Нақты еңбекақының өсуі мен инфляциялық процестердің бәсеңдеуі жағдайында нақты ақшалақ кірістер қаңтар–тамыз аралығында 3,5% артты. Қыркүйекте экономиканың 6%-ға өсуінің арқасында, жыл қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімін 4+ деңгейінде сақтауға жол ашылды.

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев жыл басынан бері инфляция деңгейі 3,3%-ға жеткенін хабарлады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмен көрсеткіш. Инфляция жылдық көрсеткіште 6,1%-ды құрады, 2017 жылғы қыркүйекте бұл көрсеткіш 7,1% болған. Ұлттық банктің болжамы бойынша, биыл инфляция 5–7% дәлізінде сақталады.

Ұлттық банк төрағасының пікірінше, инфляцияны басқарудың тиімділігін арттыру үшін оны 2019 жылдың мақсатты дәлізінде сақтау үшін қазірден бастап шаралар қабылдау қажет. Сондай-ақ, Данияр Ақышев Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 9%-дан 9,25%-ға дейін арттыру туралы шешімін хабарлады.

−Ұлттық банк кеше базалық мөлшерлемені 9%-дан 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Жаңа базалық мөлшерлеме деңгейі теңгелік активтерге деген сұранысты арттырады және қолайлы ақшалық–несиелік шарттарды сақтайды. Сонымен қатар, қыркүйек айының соңында ұлттық валютадағы депозиттердің өсімі 4,1% немесе 380 млрд теңгені құрады. Шетел валютасындағы депозиттер 2,5%-ға немесе 210 млрд теңгеге төмендеді. Нәтижесінде депозиттерді долларландыру 46%-ға дейін азайды,- деді Д. Ақышев. Қаржы министрі Әлихан Смайылов биылғы тоғыз айда мемлекеттік бюджет кірістерінің (трансферттерсіз) өсімі былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе артқанын жеткізді. 

Республикалық бюджеттің кірісіне 4066 млрд теңге түсті. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 131 млрд теңгеге немесе 103,3%-ға артық. Өсу қарқыны өткен жылдың 1 қазанымен салыстырғанда 119,5% немесе 662 млрд теңгені көрсетті. Оның ішінде шикізаттық емес кірістер 501,4 млрд теңгеге артты.  Республикалық бюджеттің шығыстары 7,092 трлн теңгені немесе 99,2%-ды құрады. 1 қыркүйекпен салыстырғанда игеру көлемі жақсарды. Жергілікті бюджеттер шығыстары 3,496 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны – 32 млрд теңге. Бұл көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда екі есеге кем. Есепті кезеңде өңірлерге сомасы 523 млрд теңге мақсаттыы трансферттер аударылды. Жергілікті деңгейде олар 96,6%-ға немесе 506 млрд теңге игерілді. Атқарылмағаны 16,3 млрд теңге, оның ішінде 1,5 млрд теңге — бюджет қаражатын үнемдеу. Игерілмегені — 14,8 млрд теңге.  Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі игерілмеу сомасына қарағанда 2,7 есеге аз, – деді Ә. Смайылов. 

Министр келтірген мәлімет бойынша «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 2018 жылға арналған республикалық бюджетте 476,3 млрд теңге көзделген. 294,9 млрд теңге немесе есепті кезең жоспарының 99,6% игерілді. Жылдық жоспар бойынша игеру 61,9%-ті құрады. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірлерге бөлінген қаражаттың игерілуі республика бойынша қарағанда біршама төмен. Осы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 85,9 млрд теңге аударылды. 84,9 млрд теңге игерілді. 831,8 млн теңге игерілген жоқ.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің орындалу қорытындыларын қарау нәтижесі бойынша, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ЖІӨ өсімі тоғыз айдың қорытындысы бойынша 4,1% құрағанын атап өтті. Осы жылдың сегіз айының қорытындысымен салыстырғанда үлкен өзгерістер болды. Бұл — бірлесіп атқарған жұмыстардың нәтижесі. Сонымен қатар, Үкімет мүшелерінің назары қолда бар қорларға аударылды.

Үкіметтің жобалық басқару жүйесі Мемлекет басшысының жақында жариялаған Жолдауын орындау үшін барлық мүмкіндіктердің бар екенін көрсетті. Осыған орай, қалған екі айды жыл соңына дейін Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға арнау керек. Өңдеу өнеркәсібі саласының, соның ішінде фармацевтика, тоқыма (киім, былғары өндірісі) және т.б. салалардың мүмкіндіктеріне көңіл бөлінді.

Қаражаттарды игеру мәселесі бойынша, бүгінгі күні Парламентке 2018 жылғы республикалық бюджетті нақтылау нәтижесі жіберілді, оған сәйкес тоғыз айдың қорытындысы бойынша игерілмеген қаражаттар қайта бөлінді. Сегіз айда бюджетті игеру қорытындыларын қарау кезінде қаражат көп игерілмеген орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан қаржы қайтарылып, басқа мемлекеттік органдардың міндеттерін іске асыруға қайта бағытталады. Премьер-Министр игерілмеген қаражаттар осы жылдың әр айының қорытындысы бойынша қайта бөлінетінін айтып өтті.

Поделиться
Твитнуть
Поделиться
Лайк

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Коронавирус
  • Личность
  • Военная журналистика
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

- Select Visibility -

    Total
    0
    Share