Күн санап ҚР Парламенті Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы жақындап келеді. Осыған байланысты Оралда «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының сайлауалды штабында саяси науқанға дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Үміткерлер белсенділермен және еріктілермен бірге түрлі акциялар ұйымдастырып, тұрғындарды сайлауға қатысуға үндеуде.
Қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Алпамыс Камалов, Сергей Доля, Тұрсынбек Байтеміров партия еріктілерімен бірге бірқатар нысандарға үгіт-насихат парақтарын іліп, оралдықтарды сайлауда жетекші партияны қолдауға шақырды.
Тимур Әжіғалиев «Есіктен – есікке дейін» акциясы аясында көпқабатты үйлер мен нысандарды аралап, жерлестерімен кездесіп, сайлауда өз таңдауларын жасауға шақырды. Ал Қайырболат Ғайнеден экспромт-кездесулер өткізіп, азаматтарды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Үміткерлер үшін тұрғындардың даусы аса маңызды. Олар барша жерлестерін 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауда көшбасшы партияға дауыс беріп, жарқын болашаққа бірге қадам жасауға шақыруда.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының сайлау қорынан төленді