Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті уақытша сақтауға орналастырылған ұсталған (контрабандалық) тауарларды түгендеу бойынша жүргізген іс-шаралар нәтижесінде әкелуге тыйым салынған және жойылуға жататын 36 тонна жүк анықталғанын хабарлайды, олардың құны алдын ала есептеу бойынша 42 миллион теңгені құрады. Олар бойынша оларды жою туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Toppress.kz.
Олардың басым бөлігі – тыйым салынған медициналық тауарлар мен бензилпенициллин, "ДИНГУА-ГУА", "JETHEWKS" сияқты дәрілік заттар, сондай-ақ контрабандалық жолмен әкелінген сигареттер жойылуға жатады.
Бүгіннен бастап Департамент "Kazakh Terminal Zharkent" ЖШС УСҚ-мен бірлесіп, белгіленген регламентті сақтау және табиғат қорғау іс-шараларын орындау кезінде мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы негізінде ұсталған тауарларды жою бойынша жұмыс жүргізуде.











