• Последние

Елдегі тұрақтылықты сақтау аса маңызды

10.07.2019

HONOR впервые представил в Казахстане Robot Phone — смартфон с роботизированной камерой и воплощенным ИИ

30.09.2026
Фото сгенерировано ИИ

Недра принадлежат народу: профессор призвал превращать природное богатство в промышленное развитие

30.09.2026

От легендарного BJ212 до технологий нового поколения: история и эволюция бренда BAIC

30.09.2026

Политолог проанализировал дипломатический подход Токаева к российско-украинскому конфликту

30.09.2026
Фото: пресс-служба ДП СКО

Блогера из Петропавловска арестовали за оскорбительные высказывания в день траура

30.09.2026

Семейная ссора привела к гибели мужчины от ножевого ранения в Шымкенте

30.09.2026

Казахстану нужен мир и стабильность — Токаев высказался о российско-украинском конфликте

30.09.2026

Студентам Алматы небезразлично будущее Кок-Жайлау

30.09.2026

«Казахмыс» запустил масштабную программу развития инфраструктуры в Шуском районе

30.09.2026

Что делать при получении уведомления о внеплановой проверке бизнеса: ответ эксперта

30.09.2026

Токаев принял главу D.A.R. Metall AG и обсудил перспективы проектов с Qarmet

29.09.2026

После нападений на школы в Турции задержали 3,8 тысячи человек в рамках кибероперации

29.09.2026
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/09/30/14:54
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Елдегі тұрақтылықты сақтау аса маңызды

by Toppress.kz
2019/07/10 11:22
A A

Сириядан оралған отандастарымыздың қателіктері, әлі де болса ислам діні үшін соғысамыз деп жаңылып жүргендерге үлгі болады деген сенімдеміз, дейді Павлодар облысының имамы Жолдас Қажы Бердімұратов. Оның айтуынша, бүгінгі күні Сиряида болып жатқан қақтығыстардың негізгі мән-мазмұны түсінікті болып отыр. Ол жаққа адасып барғандар бөтен, мағынасыз соғыста қаза табады. Ең қорқынышты, адамдар өз тағдырын ғана емес, өз балаларының өміріне де өкінішке толы қиын сәттерді енгізіп кетеді. 

Адамдарды жаңылыстырмау үшін, Ислам – адамзатты игілікке, мейірімді істерге шақыратын бейбітшілік діні екенін нақты түсіну қажет. Біздің дініміз зұлымдық жасауға мүмкіндік бермейді. Біздің сүйікті Пайғамбарымыз 23 жыл ислам дінін уағыздады. Алла Тағала барлығы 114 сүре жіберді және Құранда барлық сүрелер мен аяттар адам пайдасына жасалған. Бұл екі әлемде де адам баласын бақытқа жетелдейтін жол. Біз осы жолдан бас тартпауға тырысамыз және оған баруға барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз. Мұсылман кез келген адаммен кездескен кезде: "Ассаламу алейкум" дейді. "Ассаламу алейкум", "Ассалам" сөзі "мен саған бейбітшілік тілеймін, Мен саған сәттілік тілеймін, Мен саған осы өмірде тек жақсылық тілеймін" дегенді білдіреді. Демек, біздің дініміз адамдарды ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелейді. Пайғамбар халықты дінге шақырды бірақ ешкімді мәжбүрлемеген еді. Алла тағала Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) халыққа дұрыс жолды көрсетуге үйретеді. Саналы адамдар дәстүрлі діндер әрқашан кез келген жамандыққа қарсы екенін түсінеді, олар халықты игілікке шақырады. Сондықтан біз білуіміз керек: ең адал дін халықтарды тек жақсылық пен игілік істеріне шақырады. Біздің дініміз Ислам терроризмге, экстремизмге, радикализмге қарсы, өйткені олар адамды жамандыққа итермелеп, қоғам мен халықтардың бірлігін бұзады,-деді Жолдас Қажы Бердімұратов.

 Оның айтуынша, ИГИЛ-бұл біздің Қазақстанда және бүкіл әлем бойынша көптеген басқа елдерде тыйым салынған террористік ұйым. Оны Ислам мемлекеті деп атауға болмайды. 

Әрине, лаңкестік ұйымды ислам дінін айшықтау мақсатында ғана "ислам" деп атады. Терроризм-адамдарға бағытталған қылмыстың сорақысы. Сондықтан онда дін деген ұғым да, ұлт деген ұғым да жоқ. Нағыз мұсылман мұндай нәрселерден әлдеқайда алыс тұрады. Өйткені адам өлтіру-Исламдағы ең ауыр күнәлардың бірі. Біздің жарқын дінімізде бір адамды өлтіру барлық адамдарды өлтірумен теңестіріледі, -деді Павлодар облысының имамы.

Оның сөзінше, дін тақырыбындағы қантөгістің өршуіне, мұндай трагедиялардың кеңінен етек жаюына білімнің таяздығы себеп болуда. 

Кейбір әлемдік БАҚ-тардың Исламға қарсы жалған айыптаулар таратылуына байланысты біздің дініміз туралы дұрыс теріс көзқарастар қалыптасып отыр. Олар Исламды радикализмнің себебі ретінде көрсетеді, "терроризм" ұғымын "Ислам" сөзімен байланыстырады. Осыған байланысты адамдар арасында фобия пайда болуда. Олар біздің дінімізге күмәнмен қарайды. Мұндай қайғылы оқиғадан қорғану үшін, біріншіден, БАҚ адамдарды ислам дінін, мұсылмандар туралы дұрыс ақпараттандырудың қаншалықты маңызды екенін көріп отырмыз. Көп жағдайда мәселенің анық-қанығын білместен үкім шығаруға болмайтыны ескерілмей жатады. Сондықтан осы тақырып кеңінен насихатталып, терроризмге бой алдырған адамның нағыз қылмыскер екенін нақты түсіндіру үшін қоғамда жұмыс жүргізілуі маңызды. Ал Ислам — бейбітшілік сүйгіш дін. Бүгінгі уақытта тек шынайы мәліметтерді тарату керек,-дейді имам.

Ол өз сөзінде Сириядан қайтып келгендердің барлығы біздің бауырларымыз екенін, олар бір кездері қателесіп, сүрінгенін айтты. Мемлекет оларға және олардың балаларына қамқорлық жасап, өз қателіктерін түзеуге мүмкіндік беруде. 

Бастарына төнген қатерден кейін олар бейбіт өмірдің бағасын түсінді деп үміттенеміз. Алла Тағала оларға адасушылықтан бас тартуға және біздің қоғамның толыққанды мүшесі болуға күш берсін. Біз бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз. Біздің басты ұстанымымыздың бірі ұлтаралық, конфессияаралық келісім. Бір ортақ шаңырақ астында-Қазақстан әр түрлі ұлт өкілдері, діни сенім өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүреді. Ал Ассамблея және Қазақстанның басқа да қоғамдық ұйымдары ұлтаралық, конфессияаралық қатынастарды дамытуға өз үлесін қосуда. Бұл біздің мемлекетіміздің басты ерекшелігі деп ойлаймын. Біздің имамдарымыз, шіркеулердің діни қызметшілері ұлттар, діндер арасында достық берік болуы үшін үлкен жұмыс атқаруда. Олар діндар адамдардың қауымдастығын діннің дұрыс арнасына бағыттайды. Сондықтан, бізде түрлі наразылықтар, келіспеушіліктер, фобиялар болмауы тиіс. Біз тату өмір сүруіміз керек. Мұнда тұратын әрбір елдің тұрғыны Қазақстанның азаматы екенін білуі және өз жауапкершілігін сезінуі керек. Біз өз Отанымызға, жерімізге, халқымызға, ұлтымызға, дініміз бен тілімізге сүйіспеншілікпен қарауға тиіспіз. Сонда, менің ойымша, бізде бәрі жақсы болады. Егер біз тұрақтылықтың арқасында әркім өз орнында еңбек етіп, қоғамға, халыққа дәстүрлі дін туралы дұрыс тәлім беріп, мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуінде үлкен нәтижелерге қол жеткіземіз деп ойлаймын,-деді ол. 

Оның айтуынша, елімізде кеңінен белең алған бұл үдерісті тоқтатудың жолы білім мен біліктілікке негізделген жұмыстарды жеделдетіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру. 

Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Информационное сообщение
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.