• Последние

Еліміздің экономикалық көрсеткіштері тұрақты

2018/09/11 03:22
Пример HTML-страницы
Касым-Жомарт Токаев посетил турнир Qazaqstan Barysy Grand Slam

Касым-Жомарт Токаев посетил турнир Qazaqstan Barysy Grand Slam

2025/05/10 21:54
Елена Бахмутова выступила за ужесточение защиты банковской тайны в Казахстане

Елена Бахмутова выступила за ужесточение защиты банковской тайны в Казахстане

2025/05/10 21:51
50 млрд тенге выделят на программу «Ауыл аманаты» в 2025 году

50 млрд тенге выделят на программу «Ауыл аманаты» в 2025 году

2025/05/10 20:54
Астана примет первое заседание Нацкомитета по Году волонтёров

Астана примет первое заседание Нацкомитета по Году волонтёров

2025/05/10 14:11
Финальные штрихи: в Казахстане завершаются съемки The Golden Empire

Финальные штрихи: в Казахстане завершаются съемки The Golden Empire

2025/05/10 13:24
КНБ РК ликвидировал международный наркоканал

КНБ РК ликвидировал международный наркоканал

2025/05/10 12:22
Лидеры Великобритании, Франции, Германии и Польши посетят Киев

Лидеры Великобритании, Франции, Германии и Польши посетят Киев

2025/05/10 10:28
Депутаты Европарламента призывают Индию и Пакистан к деэскалации напряженности

Депутаты Европарламента призывают Индию и Пакистан к деэскалации напряженности

2025/05/10 07:48
Два «серебра» завоевали казахстанцы на Grand Slam по дзюдо в Астане

Два «серебра» завоевали казахстанцы на Grand Slam по дзюдо в Астане

2025/05/10 05:47
В Актобе столкнулись грузовик и автобус, погиб водитель

В Актобе столкнулись грузовик и автобус, погиб водитель

2025/05/10 04:22
Иран согласился на четвёртый раунд переговоров с США по ядерной программе

Иран согласился на четвёртый раунд переговоров с США по ядерной программе

2025/05/10 02:22
Небо над Астаной озарил праздничный салют в честь 80-летия Великой Победы

Небо над Астаной озарил праздничный салют в честь 80-летия Великой Победы

2025/05/09 23:14
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
25/05/11/3:38
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Сказано – сделано
  • Еще
    • Интересное
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Еліміздің экономикалық көрсеткіштері тұрақты

2018/09/11 03:22

Таяуда Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің биылғы сегіз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджетінің атқарылу қорытындылары қаралды. Онда ел экономикасындағы оң өзгерістер мен ел бюджетінің атқарылу барысы қаралды. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, қаңтар-тамыз айларында Қазақстан экономикасында оң өсу үрдісі сақталған, деп хабарлайды Toppress.kz.

Пример HTML-страницы

−Есепті кезеңде ІЖӨ өсуі 3,8 проценті құрады. Бұл ретте мақсатты 4 процентке жету үшін ай сайынғы өсімді ағымдағы жылдың соңына дейін орта есеппен 4,2 процент деңгейінде қамтамасыз ету қажет,- деді Т.Сүлейменов.

Ұлттық экономика министрі өз баяндамасында бірқатар облыста өндіріс көрсеткіштерінің төмендегенін тілге тиек етті. «Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында өнеркәсіп өнімдері өндірісінің төмендеуі байқалады. 1,1 проценттен 3,9 процентке дейінгі қарқынмен республикалық мәннен төмен өсім Алматы, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында тіркелді»,- деді министр. Оның айтуынша, аталған өңірлерде мұнай мен газ конденсатын, уран кенін өндіру, жүк вагондары және ұн өндірісі қысқартылған.

Ауыл шаруашылығы саласындағы өсім көрсеткіштерінің мардымсыз болуына былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда астық өнімдерін жинаудың тым аз болуы әсер етіп отыр. Ал сыртқы сауда айналымы жоғары өсім үрдісін тұрақты сақтап тұр. Яғни, бұл сала жеті айда 20,1 проценке ұлғайған. Экспорт 26 процентке өскен. Сонымен қатар шикізаттық емес тауарлар экспортының өсімі 4,1 проценті құрады. Ал импорт 10,3 процентке өсті. Сонымен қатар, еңбек нарығында тұрақтылық сақталып, жыл басынан бері 297,1 мың адам жұмысқа орналастырылған. Ал жалақы бір қалыпты қарқынмен өсуде.

−Қаңтар-шілдеде орташа айлық жалақы 157,7 мың теңгені құрады және нақты мәнінде 2,3 процентке өсті. Өткен 7 ай аралығындағы нақты ақшалай кірістер 1 процентке артты-, деді Т.Сүлейменов. Ал аталған мерзім аралығында

мемлекеттік бюджетке (трансферттерсіз) 5,252 трлн теңге кіріс түскен. Бұл сома 2015 жылдың жалпы жылдық көлемінен 74 млрд теңгеге артық болып отыр. Экономиканың барлық саласында макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсаруы, оның ішінде мұнай мен металл бағасының өсуі, кірістердің өсуіне негізгі себеп. Айта кетерлігі, аталған өсім көрсеткішіне салықтық-кедендік әкімшілендіру рәсімдері тиімділігінің артуы да ықпал еткен. Бюджеттердің барлық деңгейінде кірістер бойынша ағымдағы жоспарлар артығымен орындалып отыр. Мемлекеттік бюджет – 104,7 процент, республикалық бюджет – 103,7 процент және жергілікті бюджет – 107 процентті құрайды.

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында инфляция 2,9%-ті құрағанын, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмен көрсеткіш екенін жеткізді. Ұлттық банктің бағалауы бойынша, ағымдағы жылы инфляция 5-7% мақсатты дәлізінде сақталады. Дегенмен, соңғы бірнеше айда сын-тегеуріндер артып келеді, бұл Ұлттық банк бағалаған көрсеткіштен алдағы уақытта инфляцияның баяу төмендеуіне әкелмек.

−2019 жылы инфляция 4-7% дәлізінде, яғни шамамен 6% деңгейінде анықталған мақсатты дәліздің жоғарғы шегінде қалыптасады. Бұл сыртқы факторлардың әсеріне және ішкі жиынтық сұраныстың кеңеюіне байланысты. Осыған орай, инфляцияны мақсатты дәлізде ұстап тұру үшін қосымша шараларды қабылдау қажет,- деді Д.Ақышев. Жыл басынан бері базалық мөлшерлеме 10,25%-тен 9%-ке дейін төмендеген. Алайда Ұлттық банк инфляциялық тәуекелдерді бағалау расталған жағдайда, ағымдағы жылдың соңына дейін ақша-несие шарттары қаталдана түсуі мүмкін екенін жеткізді.

Премьер-Министр Б.Сағынтаев бюджеттік қаражаттар елеулі сомада игерілмей қалғанын айтты. Мәселен, Қорғаныс министрлігінде республикалық бюджеттен бөлінген, игерілмеген қаражат сомасы – 15,4 млрд теңге, Мәдениет және спорт министрлігінде – 11,1 млрд теңге, Ауыл шаруашылығы министрлігінде – 10,9 млрд теңге, Ішкі істер министрлігінде – 9,5 млрд теңге, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде – 5,7 млрд теңге игерілмеген.

−Мемлекет басшысы кемінде 4% өсімді қамтамасыз ету міндетін қойып отыр. Алайда статистикалық деректерге сүйенсек, 8 айдың қорытындысы бойынша өсім 3,8%-ті құрады. Ұлттық экономика министрі атап өткендей, жыл соңына дейін 4%-тен өсімге қол жеткізу үшін, бізге ай сайынғы өсімді орта есеппен 4%-дан жоғары деңгейде қамтамасыз ету қажет. Атқаратын жұмыс көп», деді Б.Сағынтаев. Сондай-ақ Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А.Маминнің айтуына сәйкес, жұмыс тамыз айындағы демалыстарға және басқа да себептерге байланысты кешеуілдеп қалғанын атап өтті. Сонымен қоса Ұлттық экономика министрлігінің деректеріне сәйкес, еліміздің экономикалық өсімінің төмендеуіне сыртқы нарықтағы факторлар мен құбылмалылық та әсер етіп отырғанын еске салды.

Поделиться
Твитнуть
Поделиться
Лайк

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Коронавирус
  • Личность
  • Военная журналистика
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

Total
0
Share