Nur Otan ” партиясы Арыс қаласы мәслихат депутаттығына үміткер Еркебаев Нұржан Тәңірбергенұлы “Nur Otan ” партиясы сайлауалды бағдарламасының басымдықтарын түсіндіру және насихаттау мақсатында қала тұрғындарымен кездесу өткізді.
Акция барысында үміткер Арыс қаласы “Nur Otan” партиясы сайлауалды бағдарламасына сәйкес қаланың әлеуметтік экономикалық жағдайын және тұрғындардың элеуметтік әхуалын, тыныс тіршілігін жақсаруға бағытталған жұмыстармен таныстырды.
Тұрғындар мемлекет пен партияның тарапынан халық игілігіне бағытталған басымдықтарды қолдайтынын айтып, әлеуметтік көмектер, денсаулық саласы және зейнетақы бойынша түйткілді сұрақтарын қойды.
Үміткер тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, 10 қаңтарда болатын сайлауға түгел катысып, «Nur Otan» партиясының бағдарламасын қолдап жаппай дауыс беруге шақырды.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Арыс қаласының сайлау қорынан төленді