ҚР Парламент Мәжілісі мен әр түрлі деңгейдегі мәслихат депутатарының сайлауына да санаулы күндер қалды. Бүгінгі таңда депутатыққа үміткер ретінде тіркелген кандидаттар қала мен аудан ауылдарда кездесулер өткізіп, халық алдында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Аудандық маслихат депутаттығына үміткер Ж.Игіман, А.Кубентаев және олардың сенімді өкілдері аудан орталығынан ең шалғай орналасқан Қарашыған, Лепсі, Көктерек ауылдық округтерінде кездесулер өткізуде.
Кездесуде үміткерлер «Nur Otan» партиясының бес жылға жоспарланған сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Сондай-ақ кандидаттар ауылдық жерлерде тұратын халыққа жақсы тұрмыстық жағдай жасау партияның басты мақсаты екеніне тоқталды. Бес жылдың ішінде көптеген мектептер мен ауруханалар, балабақшалар салынып, ескі ғимараттардың күрделі жөндеуден өтетінін айтты.
Сонымен қатар жергілікті халықтың жақсы тұрмыс кешуі үшін елді мекендерді таза ауыз сумен, көгілдір отынмен, сапалы интернетпен қамту жоспарланғанын жеткізді.

Түрлі басқосуларға қатысқан үміткерлер ауыл тұрғындарын алдағы сайлауға қатысып, «Nur Otan» партиясына және партия атынан сайлауға түскен үміткерлерге дауыс беруге шақырды.

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Сарқан ауданының сайлау қорынан төленді.










