6 қыркүйек Астана-Аренада өткен Ұлттар лигасы тарихындағы алғашқы матчта Қазақстан құрамасы Грузиядан жеңілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
D дивизионының алғашқы тобындағы алғашқы матч Астанада өтіп, есеп 0:2 есебімен қарсылас команданың пайдасына шешілді.
Грузиялықтар ойынның екінші бөлігінде есеп ашты. Мачтың 69-минутында жартылай қорғаушы Георги Чакветадзе Ұлттар лигасы тарихындағы алғашқы голды соқты. Ал 74-минутта Қазақстан қақпасына автогол тіркелді.
10 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Андоррамен кездеседі.
Айта кетсек, Ұлттар лигасына 55 еуропалық құрама рейтингтеріне қарай төрт дивизионға бөлінді. Алғашқы турнирде Еуро-2020 жолдамасы сарапқа салынады.