Бүгін «Nur Otan» партиясы Орал қалалық сайлауалды штабында үгіт-насихат жұмыстары өз мәресіне жетті.
Жетекші партия атынан Орал қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын түйіндеп, түрлі-іс-шаралармен саяси науқан кезеңін қорытындылады.
Сергей Доля қалалық сайлауалды штабта қоғамдық қабылдау жүргізді. Тұрғындардың қоғамдық қабылдауға түрлі проблемалық мәселелермен келетіні белгілі. Бұл жолы да қабылдауға келушілер әлеуметтік мәселелерін жеткізумен бірге сайлау учаскелері туралы мәліметтерді сұрастырды.
Сергей Евгеньевич олардың бірқатар мәселелері бойынша жауапты мекемелерге хабарласып, түйінін тарқатуға тырысты. Ал кей азаматтарға кеңес беріп, құзырлы орындарға жолдады.
Бұл күні Есентай Қалиев тікелей эфир арқылы тұрғындармен жүздесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Еңбек ардагері Шадияр Ахтановпен канвассинг-кездесу ұйымдастырған Тұрсынбек Байтеміров оның үйінде болды.
Ұзақ жылдар білім саласында жемісті еңбек еткен ардагер естеліктерімен бөлісіп, елдегі бүгінгі тыныштық пен тұрақтылықты бағалайтынын жеткізді. Сол үшін де алдағы сайлауда отбасымен бірге өз таңдауларын жасауға дайын екенін айтты.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының сайлау қорынан төленді