• Последние

Үгіт-насихат жұмыстары ойдағыдай аяқталуда

08.01.2021

Бизнесу в Казахстане станет сложнее переводить хозяйственные споры в уголовную плоскость

14.08.2026

Экспортный рывок отечественного АПК

14.08.2026

Резкое изменение перетока электроэнергии привело к отключениям в регионах РК

14.08.2026

Казахстан предлагает новые возможности для инвестиций в лесоклиматические проекты

14.08.2026

Димаш, Кайрат Нуртас и Дима Билан: кто выступит в Караганде ко Дню шахтера

14.08.2026

Задержали за угрозы женщине, а вскоре он умер в отделе полиции в Экибастузе

14.08.2026

Куда уйдут ваши пенсионные деньги? В Казахстане меняют правила накоплений

14.08.2026

«Казахмыс» исследует глубокие горизонты месторождения «Абыз»

14.08.2026

«Утечка» данных 15 миллионов граждан Казахстана: как устроен механизм цифровых вбросов

14.08.2026

HUAWEI представила новую флагманскую серию Pura90s в Алматы

14.08.2026

«Дайвинчик» заблокировали в Казахстане по решению суда

14.08.2026

Мощный взрыв прогремел на заводе боеприпасов под Римом

14.08.2026
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/08/15/8:20
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
Информационное сообщение
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Үгіт-насихат жұмыстары ойдағыдай аяқталуда

by Алина Автор
2021/01/08 17:04
A A

Осыдан бір ай бұрын басталған сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аяқталуға жақын. Партиялардың сайлауалды бағдарламаларын сайлаушыларға таныстыру бүгін күні кешкі 22:00-де аяқталады. Еліміздегі жетекші саяси ұйым «Nur Otan» партиясы үгіт-насихат кезінде аз жұмыс атқарған жоқ. Партияның Еңбекшіқазақ аудандық сайлауалды штабы саяси науқанға қызу дайындықпен кірісіп, артылған жүкті жауапкершілікпен атқарып шықты. Бұл туралы штаб мүшелері баспасөз брифингі барысына айтты.

Үгіт-насихат жұмыстарының соңғы күнінде, яғни, 8-қаңтарда «Nur Otan» партиясының аудандық сайлауалды штабы жергілікті журналистермен баспасөз брифингін өткізіп, соңғы бір айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Шараға штаб жетекшісі Қуат Байғоджаев, мүшелері Василий Деревянко мен Тілеулес Ұзақов қатысты.

 

Өздеріңіз білесіздер, «Nur Otan» партиясы құрылған алғашқы күннен-ақ, халықтың әл-ауқатын арттыру, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жолында жұмыс істеп келеді. Партиямыз заман көшіне ілесіп, жаңарып, жаңғыру жолында. Оған дәлел, сайлау алдындағы партияішілік праймериздің өткізілуі. Тек іскер азаматтарға ғана мүмкіндік сыйлайтын бұл науқан ойдағыдай өтіп, пратияластарының көп дауысын жинаған 11 үміткер облыстық, 50 кандидат аудандық мәслихатқа үміткер ретінде аудандық сайлау комиссиясында тіркеліп, құжаттары рәсімделді. Сайлауалды үгіт-насихат кезінде кандидаттар партияның бағдарламаларын аудан тұрғындарына түсіндіріп, кездесулер өткізді – деді Қуат Сұлтанұлы.

 

Штаб жетекшісінің айтуынша, ата-баба салтынан аттамаған қазақ халқының құндылықтарын сақтаған партия мүшелері насихат жұмысының алғашқы күнінде облысымызға белгілі ақсақал Елеусіз Сұлтанғазиевтың шаңырағына барып, партия ардагерінің ақ батасын алған. Канвассинг деп аталатын партиялық шара кезінде кандидаттар еңбек ардагерлерінің, қарттардың батасын алған.

Тілшілердің сұрағына ретімен жауап берген Қуат Байғоджаев науқан кезінде жүзеге асқан нақты шаралар бойынша есеп берді.

 

Алып ауданымыздың тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын, ондағы басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталғаніс-шаралар жоспарын жеткізуде аз жұмыстар атқарылған жоқ. Аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде 37 мақала жарық көрді. Ақапараттық технология қарыштап дамыған қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен интернет-басылымдардың маңызы зор. «Nur Otan» партиясы осыған баса назар аударып, mezet.kz желілік басылымына 50 үгіт-насихат материалдары жарияланды. Бұл жергілікті жердегі атқарылған ақпараттық жұмыстар. Бұдан бөлек, келісім-шарт жасаған 6 интернет-басылымдарда ауданымыздағы үгіт-насихат жұмыстары туралы 427 мақала шықты. Сондай-ақ, мәслихат депутаттығына үміткерлер өздерінің әлеуметтік желілерінде 7253 пост салып, сайлаушыларды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды – деді Қуат Сұлтанұлы.

 

Сайлауалды науқан кезінде штаб мүшелері, кандидаттармен қатар, еркітілер де насихат жұмыстарына белсене араласқан. 217 ерікті жастар елді мекендерді аралап, үнпарақтар, сайлауалды бағдарлама кітапшалары мен имидждік материалдарды таратқан. Партияның орталық аппаратынан келген 69 274 ақпараттық материалдары түгелдей аудан тұрғындарына үлестірілген.

 

Журналистердің «Үгіт-насихат кезінде қандай да бір қиындықтар болды ма?» – деген сауалына штаб жетекшісі карантиндік шаралардың күшейтілуінен көптеген ауқымды шараларды жүзеге аспай қалғанын айтты. Үміткердің сөзіне сүйенсек, «Nur Otan» партиясы партия жақтастарының форумдары мен флешмоб секілді ауқымды шараларды өткізуді, сайлаушылармен кеңейтілген кездесулер ұйымдастыруды жоспарлаған. Бірақ, қауіпті дерттің таралуына жол бермеу мақсатында күшейтілген карантиндік шаралардың салдарынан көптеген іс-шаралар онлайн түрде өткізілген. Десек те, бұл – партияның үгіт-насихат жұмыстарына кедергі болмай, барлығы ойдағыдай жүзеге асқан.

 

Брифинг соңында Қуат Байғоджаев сайлауалды штабтың мүшелеріне ризашылығын білдірді. Әсіресе, қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдері, Тілеулес Ұзақов, Василий Деревянко, Асыл Байтулақов партияға жүгінген азаматтардың мәселелерін шешу мақсатында заң аясында әрекет етіп, көпшіліктің алғысына бөленді. Жалпы бір айдың көлемінде қоғамдық қабылдауға 187 жазбаша өтініш түскен. Бұдан бөлек, азаматтарға әлеуметтік желі, телефон байланысы арқылы және ауызша түрлі бағыттағы кеңестер берілген.

 

Айта кеткен жөн, сайлауалды үгіт-насихат науқаны қызған тұста «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтарға көмек қолын созуды жалғастыруда. Осылай деген Есік қаласының тұрығыны Зинагүл Нұранова газет арқылы партияға алғысын жеткізген болатын.

Қоғамдық қабылдауға келген зейнеткердің ұлы ҚР-ның азаматы, ал келіні шетел азаматы. Аяғы ауыр келіні Есік қаласындағы перзентханада босанып, нәрестенің құжаттарын рәсімдеуде бірқатар қиындықтар туындаған. Осыны айтып, бірнеше табалдырықты тоздырған Зинагүл Нұрановаға «Nur Otan» партиясы көмек қолын созып, кеңес берген. Тиісті мекемелерге хабарласып, қажетті құжаттарды жинауға көмектескен. Осылайша, немересінің құжаттарын қолына алған зейнеткер партияға алғысын жеткізіп, ризашылығын білдірді.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan»  партиясының Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының сайлау қорынан төленді

 

 

 

Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Информационное сообщение
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.