15 қыркүйекте Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) T-Mobile аренасында өтетін бокс кешінің тікелей эфирге шығу уақыты мәлім болды, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Кештің басты оқиғасы WBC, WBA (Super) және IBO версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 нокаут) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 нокаут) арасындағы жекпе-жек. ESPN Deportes мәліметі бойынша, бокс кеші жергілікті уақыт бойынша сағат 14.00-де басталады (Астана уақыты бойынша 16 қыркүйекке қараған түні сағат 03:00-де), ал PPV-андеркарты (ақылы көсетілім) трансляциясы 17:00-ге жоспарланған (Астана уақытымен сағат таңғы 06:00). Головкин мен Альварес рингке жергілікті уақытпен сағат 19:00 мен 19:30 аралығында шығады деп күтіледі. Ал қазақстандық көрермендер үшін басты жекпе-жек 16 қыркүйекте, жексенбіде сағат 08:00 мен 08:30 аралығында басталады. Қазақстанда тікелей эфирді QazSport және Qazaqstan арналарында көрсетеді. Геннадий Головкин мен "Канело" Альварестің реванш үшін алатын гонорары мәлім болды. Головкин-Альварес бокс кешінде сегіз жекпе-жек жоспарланған. PPV трансляциясына Никарагуалық төрт салмақ бойынша бұрынғы әлем чемпионы Роман Гонсалес (46-2, 38 кило) пен мексикалық Мойсес Фуэнтеспен (25-5-1, 14 КО) тартысы, IBF-тің орташа салмақтағы бұрынғы чемпионы канадалық Дэвид Лемье (39-4, 33 КО) және ирландиялық Гэри О’Салливан (28-2, 20 КО) және WBO бойынша бірінші орташа салмақ дәрежесі чемпионы, мексикалық Хайме Мунгуяның (30-0, 25 КО) канадалық Брэндон Кукпен (20-1, 13 КО) жекпе-жегі көрсетіледі. Геннадий Головкин екінші ұрыста өзінің барлық титулын тігіп, The Ring чемпионы болуға және WBC-дің арнайы белбеуін алуға мүмкіндігі бар. Еске сала кетейік, Головкин мен Алварес арасындағы бірінші жекпе-жек былтыр 16 қыркүйекте сол алаңда тең нәтижемен аяқталған.