ІІМ адам ағзасын заңсыз иемденушілерді тергеуде. Қылмыстық іс ІІМ тергеу департаментінің өндірісінде, ол істі тергеу үшін ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылды, деп хабарлайды Toppress.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу барысында ағзаны заңсыз трансплантациялауға трансплантолог Г.М. Құттымұратовтың қатысы бары анықталды.
Ағымдағы жылғы мамыр айында ол қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 116-бабы, 3-бөлімі (екі немесе одан да көп адамға қатысты адам терісі мен органдарын заңсыз жолмен алу немесе алуға мәжбүрлеу) , 264-бабы, 2-бөлімімен (трансұлттық ұйымдасқан топқа немесе трансұлттық ұйымға қатысу) бағаланды.
Тергеуші судья күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қабылдады.
Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабының талабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу мүддесіне сай алдын ала тергеу барысы мен қорытындысы жариялауға жатпайды.