• Последние

Интернет желісіндегі деструктивті жазылымдардан қорғану жолдары

2021/08/08 10:24

Нурлыбек Налибаев проверил соцобъекты и заводы «Казахмыса» в области Ұлытау

2026/06/30 10:04

Как российские СМИ меняют смысл казахстанских новостей ради громких заголовков

2026/06/29 19:19

В Астане вручили специальное издание новой Конституции с обращением Президента

2026/06/29 19:02

Казахстан занял 24-е место в глобальном рейтинге прав детей

2026/06/29 16:44

Россия ввела запрет на экспорт топлива и лимиты на АЗС из-за дефицита бензина

2026/06/29 16:13

Любовь, деньги и карьера: гороскоп на ближайшие будние дни

2026/06/29 16:04
Фото сгенерировано ИИ

Казахстанец притворялся полицейским, обманул инвалида и обчистил квартиру: серийный аферист

2026/06/29 15:53

Стрельба у фан-зоны ЧМ в США: есть погибший и тяжелораненый

2026/06/29 15:41

Мужчина ограбил магазин, угнал патрульную машину и совершил ДТП в Павлодаре

2026/06/29 15:18

Почему появляется смог в городах Казахстана?

2026/06/29 15:02

Самолет с парашютистами разбился во Франции: погибли 11 человек

2026/06/29 13:58

«Казахмыс» внедряет 3D-печать и робототехнику для масштабной модернизации своих заводов

2026/06/29 13:35
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/06/30/10:52
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Интернет желісіндегі деструктивті жазылымдардан қорғану жолдары

2021/08/08 10:24
in Kazakhstan News
A A

Түрлі жалған, заңсыз ислам ағымдарының пайда болу және даму процессі, әсіресе діни экстремизм идеологиясының жетегіне кету жағдайлары белгілі бір тарихи шарттар негізінде жүзеге асады және белгілі бір саяси жағдайларда таралады. Көп жағдайда тәуелсіздік үшін күрес, ұлт-азаттық қозғалыстар кезінде, саяси және әлеуметтік-экономикалық институттар жаңадан қалыптасып келе жатқанда, ұлттық және азаматтық бірегейлік орнап жатқанда пайда болады. Қазақстан жаһандық қоғамның бір бөлігі ретінде  соңғы онжылдықта түрлі қиындықтарды бастан өткергені мәлім.

Қазақстанда экстремистік топтар агенттерінің бейбіт әңгімеде жеке және ұлттық құндылықтарды қабылдамай, өз идеяларын насихаттаған кездері, діни экстремизмнің көріністері бірнеше рет тіркелкен жағдайлары болды. 2011 жылғы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң діни әдебиеттер мен діни ұйымдардың миссионерлік қызметінің таралуына қатысты бақылауды қатаңдатты, сондай-ақ мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды мұқият реттеуді бастады.

Осындай іс-шаралар мен алдын-алу жұмыстары діни негіздегі экстремизм идеологиясын насихаттауға және таратуға төтеп беруге қатты көмегін тигізді. Бірақ әртүрлі экстремистік ұйымдар өз қызметін жүзеге асырудың неғұрлым тиімді формалары мен әдістерін іздестіруде. Жаһанданудың ықпалымен, насихат формаларын өзгерте және қабылдай отырып, қазіргі ақпараттық қоғамның мүмкіндіктерін заңсыз діни ұйымдар да игере бастады. Осылайша, соңғы жылдары интернет арзандығына, жылдамдығына, анонимділігіне және аудиторияны кеңінен қамтуына байланысты радикалды діни экстремистік идеологияны насихаттаудың ең тиімді құралы болып отыр.

«Бұл тұрғыда «әлеуметтік желілер феномені» ерекше қызығушылық тудырады, соңғы бірнеше жылда олар қоғамның және әрбір адамның өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Әлеуметтік желілер әсіресе жастар арасында танымал. Виртуалды желілер жұмыс пен білімді әрі демалысты ұштастыруға көмектесетін құралға айналды. Жастардың достары да көбінесе виртуалды,   олармен байланысып, қажетті ақпаратты тауып отырады. Әлеуметтік желілер қолданушыларға жаңалықтармен, оқу ақпараттарымен, тәжірибемен алмасуға және жаңа таныстар табуға мүмкіндік беріп отыр. Көптеген жастар белгілі бір дінмен танысуды, дін туралы ақпаратты табуды интернеттен немесе әлеуметтік желілерден іздеуден бастайды. Интернет-ресурстары арқылы жастардың өзін-өзі діни тәрбиелеуі кеңінен етек жайған құбылыс болып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда «Вконтакте» әлеуметтік желісінде «Ислам» сұранысы бойынша 1357 қауымдастық, «Құран» сұранысы бойынша – 88 қауымдастық, «Сүннет» сұранысы бойынша – 181 қауымдастық тіркелген», – дейді дінтану мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі Абдуллов Бексұлтан Түкреханұлы.

Көптеген пайдаланушылар таңертең әлеуметтік желідегі діни бірлестіктерге және қауымдастықтарға кіріп, «жаңартуларды» (жаңалықтар мен жаңа бейнелер) іздейді. Егер сіз белгілі бір әлеуметтік желінің бейне іздеу жүйесінде «Ислам» сөзін жазып іздесеңіз, онда экстремистік мазмұндағы жүздеген бейне көрсетіледі, оның ішінде деструктивті қозғалыстар жетекшілерінің бейне хабарламалары да болуы мүмкін. Айта кеткен жөн, көбінесе жас мұсылмандар Ислам дінімен танысуды ислам туралы бейне- дәрістер іздеуден бастайды.

«Әлеуметтік желілерде дін туралы ақпаратты іздеу көбінесе деструктивті діни ағымдардың рекрутерлерінің тұзағына түсу қаупін және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу қаупін тудырады. Қолданушыларды деструктивті діни ағымдарға тартудың маңызды факторларының бірі – әлеуметтік желілердегі деструктивті қауымдастықтар мен топтарға жазылуға итермелеу. Әдетте мұндай топтар мен қауымдастықтардың атаулары мен мазмұны бірден көзге көрінбейтін болады, олардың атаулары мүмкіндігінше «мейірімді» және «сүйкімді» болады, мысалы, «Ислам туралы айт», «Пайдалы насихат», «Исламдағы махаббат» және т.б.», – деп жалғастырады маман.

Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасы Діндерді зерттеу орталығымен бірлесе отырып, 2020 жылдан бастап осындай деструктивті  қауымдастықтардың қолданушыларын тіркеуден шығаруға бағытталған насихаттау жұмыстарын бастады. Көрсетілген мерзімде 4 мыңнан астам  қолданушыға хабарлама жіберілген.

«Айта кету керек, деструктивті топтағы жазылудан бас тартуға бағытталған жұмыс негізінен профилактикалық сипатқа ие, яғни біз адамды бейсаналық күйде репост жасау, басқа платформаларға хабарлама жіберуден қорғауға тырысамыз. Оларға мұндай әрекеттердің Қазақстан Республикасының Әкімшілік заңнамасын бұзуға алып келетінін хабарлаймыз. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК 453 және 490 бабын бұзу, онда 50 АЕК айыппұл қарастырылған. Бір жағынан деструктивті мазмұнмен танысу және зерттеу арқылы пайдаланушының радикалдануынан сақтап қалғымыз келеді. Ең маңыздысы да мұндай қолданушылардың тікелей рекрутерлердің қолына түсетінін айта кеткен жөн. Яғни, пайдаланушы ұнатқанда, пікір қалдырғанда, репост жасағанда – ол өзінің қызығушылығын көрсетеді. Ал деструктивті ұйымдардың рекрутерлері бұл қызығушылықты көреді және «темірді қызған кезде соқ» теориясын практикада қолдана бастайды», – дейді дінтану магистрі.

Мамандар жас азаматтардың радикалдар қатарына еріп кетуіне жол бермеу үшін тек қауіпсіз және сенімді ресми сайттарды, әлеуметтік желілердегі қауымдастықтар мен топтарды қолдануды кеңес береді.

Олардың арасында төмендегі сайттар бар: elorda_din, din_nur_sultan, qogam.kdr, muftyat.kz, pravoslavie_v_astane, www.muslim.kz, mitropolia_kz. Дінді үйрену, діни білім алуды да тек ресми дереккөздерден үйренген жөн. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Пәтуа бөлімінде дін бойынша бүкіл сұрақтарға ресми әрі дұрыс жауап беретін арнайы білім алған мамандар бар. Олармен fatua.kz сайты арқылы тілдесуге болады.

Ғаламтордан, қауымдастықтардан немесе топтардан білім алудың рұқсат етілуіне қатысты сұрақтар бойынша, сондай-ақ дінге қатысты кез келген сұрақтар бойынша IKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы хабарласа аласыз.

 

Поделиться
Твитнуть
Поделиться
Лайк

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

Total
2
Share