Қырымбек Көшербаев Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Toppress.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылсын, — делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.
Бұрын Президент Әкімшілігін Бақытжан Сағынтаев басқарды. Ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.











