Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда карантин режимі тағы екі аптаға созылатыны жайлы айтты, деп хабарлайды Toppress.kz.
Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет.












