• Последние

«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ туризм бойынша онлайн академия ашады

2020/11/26 13:31

Казахстан станет первой зарубежной площадкой производства Li Auto

2026/07/01 11:18

Аномальная жара в Европе унесла более 1300 жизней: температурные рекорды

2026/07/01 10:47

Новая Конституция РК: Генеральная прокуратура заявила об усилении гарантий защиты прав граждан

2026/07/01 10:40

В Казахстане ввели новые жесткие правила для электросамокатов

2026/07/01 10:15

Новая конституция: волонтерство и благотворительность получили официальный статус в Казахстане

2026/07/01 10:04

С 1 июля 2026 года вступила в силу Конституция Республики Казахстан

2026/07/01 10:02

Золото демонстрирует худшую квартальную динамику почти за 13 лет на фоне ястребиного разворота ФРС

2026/06/30 22:39

Аида Балаева высказалась о предстоящем суде над Гульнарой Бажкеновой

2026/06/30 19:41
сгенерировано ии

Военнослужащим Казахстана стал доступен цифровой сервис для сообщений о правонарушениях

2026/06/30 19:18

«Самрук-Қазына» реализует проекты на 21 трлн тенге до 2029 года

2026/06/30 18:39
Фото: КГД

Евразийское лето-2026: от форумной дипломатии к экономике исполнения

2026/06/30 17:44
Кадр Sydney Morning Herald

Отец устроил стрельбу в детском центре в Германии: 6 погибших

2026/06/30 17:09
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/07/01/11:23
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ туризм бойынша онлайн академия ашады

2020/11/26 13:31
in Казахстан

Соңғы жылдары ел тұрғындары арасында Қазақстанның туристік объектілеріне деген қызығушылық өсуде, бұл қарқын әсіресе пандемия кезінде халықаралық шекаралар жабылуына орай ерекше байқалды. Қазақстандықтар экологиялық, этнографиялық, шипажайлық-курорттық  және де туризмнің басқа да бағыттары бойынша саяхаттау мүмкіндіктерін қарастыруда. Ал бұның есесіне аталмыш орындарда көрсетілетін қызмет сапасына деген талап та өсе бастады, Toppress.kz хабарлайды.

Ішкі туризмді дамыту мақсатында «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы саланың осы түрін таңдаған кәсіпкерлерге белсенді қолдау көрсетуде. Нарықты талдай келе, ондағы көкейтесті мәселелерді айқындап,  «Kazakh Tourism» жаңа жобаға кірісіп отыр. Бұл – турбизнес субъектілері  тәжірибе алмасып, ақпарат және білім алатын виртуалды алаң – Қазақстан туризмінің онлайн академиясы.

Жобаның мақсаты – сала мамандарының тәжірибесін біріктіріп, барлық стейкхолдерлерге Қазақстандағы туризмді дамытуға бағытталған күнделікті жұмыстарына қажет болатын өзекті ақпарат пен білім көзіне бірдей қол жеткізу мүмкіндігін беру, әрі кез келген уақытта білімдерін жетілдіріп, кәсіби біліктілігін арттыруға жағдай жасау.

Онлайн академияның тыңдаушылары – туризм саласындағы барлық бизнес өкілдері: туроператорлардан бастап, турагенттер, экскурсия жетекшілері, аудармашылар, этнокешендер, кемпингтер, ауылшаруашылық фермалар, жол жиегіндегі қызметтер иелері мен отельерлер, сондай-ақ салада қызмет етуге ынталы жоғары оқу орындары түлектері. Академиядағы оқу тегін жүргізіледі.

Заман талабына сай жаңа форматта ұйымдастырылып отырған онлайн академия COVID-19 пандемиясы жағдайындағы адам санын шектеу мәселесін шешіп, тыңдаушыларға кәсіби оқудың қауіпсіз түрін ұсынып отыр.

«Онлайн форматта ішкі туризм академиясын құру – жаңа  уақыт талабы ғана емес, туристік нарықты кәсіби бастамада толығымен біріктіріп, әріптестерімізге туризмнің ардагерлері мен білікті тренерлерінің білімдері мен тәжірибелерін ұсыну алаңы. Бұл жобаны бастаған кезімізде ең алдымен әлемдегі және елдегі орын тауып отырған эпидемиалогиялық жағдайды ескердік. COVID-19 бір жағынан халықаралық туризмді шектесе, екінші жағынан ішкі туризмді дамытуға жол ашты. Өйткені қазақстандықтар  өз елінің әсем жерлері жайлы ақпарат іздеп, ішкі туризмге қызығушылық таныта бастады. Ал бұл аталмыш сала үшін дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашып отыр. Осы ретте біз Онлайн академияның ішкі туризмді дамытудағы және де жалпы туризм бизнесін жаңғыртудағы керемет мүмкіндік екеніне сенім артамыз», – дейді «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев.

Академияның спикерлері мен қонақтары салалық мемлекеттік органдардың өкілдері, туризмде ауқымды тәжірибесі бар жетекші мамандар, маркетологтар және де салада табысты бизнес иелері. Мысалы алғашқы қурстардың спикерлері қатарында «Sky Way» туроператорының бас директоры Әсем Қозбағарова; Кәсіпкер, құқықтық мәселелер бойынша сарапшы Талант Рамазанов; Almaty City Tour және ACT Қазақстан туроператорының директоры Антон Митин және тағы басқалар бар.

«Қазақстан туристік қауымдастығы Қазақстан туризмінің онлайн академиясының ашылуын қуана қолдайды. Өйткені қазіргі күрделі жағдай талабында бұл – интелектуалды деңгейді дамытудың, білім алудың тамаша мүмкіндігі. Онлайн академия саланың жаңалықтарын білуге, бүгінгі  күн трендтерінен хабардар болуға, жаңа талапқа сай өз бизнесіңді қалай дамыту керек екенін түсінуге, әрі біліктілікті шыңдауға көмектеседі. Қазақстан туризмінің онлайн академиясы аясында өткізілетін онлайн семинарлар арқасында кәсіпкерлер сала бойынша білімдерін тереңдете түседі, әрі біліктіліктерін арттырады», – дейді Қазақстан туристік қауымдастық (ҚТА) директоры, Қазақстан қонақ үйлер және мейрамханалар қауымдастығының (ҚҚжМҚ) президенті Рашида Шәйкенова.

Биыл тыңдаушылар 6 курсты оқып шыға алады. Олардың әрқайсысы теориялық білім мен тәжірибелік мысалдарға толы:

  1. «Қарапайым сөзбен туризм жайлы» – Кіріспе курсы;
  2. «Өз салаңызды табу және тиімді турөнім ұсыну»;
  3. «Туристік өнімдерді сату және жарнамалау»;
  4. «Қонақ қабылдайтын үйлер немесе шағын отель. Толық нұсқаулық»;
  5. «Қызықты турөнім жасаудың 5 идеясы. Үздік мысалдар»;
  6. «Гид-экскурсия жетекшісі мамандығы» – Кіріспе курсы.

Әр курс үй тапсырмасы бар 5-6 модульден тұрады. Оқылған материал бойынша тыңдаушыларға қосымша әдебиеттер жинақталған электронды кітапхана ұсынылады.

Академия курстары туризм бизнесінің өкілдеріне және болашақта жұмыс істеуге ынталы жас мамандарға кәсіби деңгейлерін дамытып, өрістерін кеңейтуге, тәжірибе жинастыруға және әріптестерімен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламасымен танысу үшін және курстарға тіркелу үшін академия сайтына кіріңіз: https://academy.tourismonline.kz/ 

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist