• Последние

Мамин “Samruk Business Forum” шарасына қатысты

2020/02/28 10:24

Две клиники “проводили” женские операции мужчинам в Мангистау

2026/07/01 14:59
Фото: Vecteezy

Популярная спортивная добавка оказалась полезной в борьбе с депрессией

2026/07/01 14:47

Президент Казахстана назначил дату выборов в Курултай на 23 августа

2026/07/01 14:33

Сын Александра Лукашенко окончил Пекинский университет

2026/07/01 14:30

«Казахмыс» реализует масштабную реконструкцию парка «Жастар» в Жезказгане

2026/07/01 13:31

Партия «Әділет» соберет инициативы бизнеса для развития горно металлургического комплекса

2026/07/01 13:08

Самый высокий памятник Месси в мире неожиданно стал вирусным

2026/07/01 12:58

Новая Конституция РК закрепила защиту персональных данных на высшем уровне

2026/07/01 12:29

Вступление в силу Новой Конституции: официальное заявление партии «Ак жол»

2026/07/01 12:22

В Карагандинской области обновили первые железнодорожные вокзалы

2026/07/01 12:14

В Астане обсудили роль премии «Евразия» в укреплении дружбы народов и международного сотрудничества

2026/07/01 11:59

Школьники угнали автомобиль и устроили погоню в Уральске

2026/07/01 11:55
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/07/01/15:18
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Мамин “Samruk Business Forum” шарасына қатысты

2020/02/28 10:24
in Казахстан

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин отандық тауар өндірушілерді қолдау тақырыбына арналған "Samruk Business Forum" пленарлық сессиясына қатысты, деп хабарлайды Toppress.kz.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ішкі нарықты отандық тауар өндірушілердің өнімдерімен қамтамасыз етуге және “қарапайым заттар экономикасын” дамытуға ерекше көңіл бөледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкімет алдына отандық тауар өндірушілерді қолдау мен дамыту жөнінде бірқатар нақты міндет қойды, — деді А. Мамин.  

Үкімет басшысы жыл сайын сатып алу көлемі 4 трлн теңгеден асатынын және бұл көлемді ішкі өндірісті дамыту мүддесінде тиімді пайдалану өте маңызды екенін атап өтті. 

"Самұрық-Қазына" қоры шағын және орта бизнесті дамыту үшін жоғары әлеуетке ие. Қордың әрбір дерлік еншілес компаниясы “зәкірлі”, ал кейде өз өңірі үшін қала құраушы кәсіпорын болып табылады, — деді А. Мамин. 

Отандық өндіріс пен импортты алмастыруды дамытудың тиімді драйвері ретінде оффтейк-келісімшарттар мен ұзақмерзімді шарттар тетігі құрылып, сәтті жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта инвестициялар көлемі 215 млрд теңгеден асатын, жаңа өндірістерді құру бойынша 27 оффтейк-келісімшарт мақұлданды, шамамен 2 мың жұмыс орны құрылатын болады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, екінші деңгейлі банктердің осындай шарттарды тұрақты кепіл ретінде тануы бойынша жұмыс жүргізуде, бұл аталған жобаларды қаржыландыруға қолжетімділікті жеңілдетеді.

"Самұрық-Қазына" қоры 1350-ден астам тауарлық позиция бойынша пулды анықтады, ол импортты алмастыруға қатысты бизнестің бастамаларының “жаңа толқынына” айналуы тиіс. Бүгінгі күннің өзінде жұмыс істеп тұрған 180 кәсіпорын инвестициялық жобаларды әзірлеп, іске асыруға зор қызығушылық танытты, — деді А. Мамин.

Премьер-Министр жобаларды, сондай-ақ бизнестің жаңа жұмыс орындарын ашу, жергіліктендіруді арттыру және сапалы өнім шығару түріндегі қарсы міндеттемелерді қабылдауға әзірлігін жан-жақты пысықтау қажеттігін атап өтті. 

А. Мамин Қордың жүйе құраушы компанияларының сатып алулары аясында "Самұрық-Қазына"-ның моноқалаларды дамыту бойынша жұмыстарды бастағанын атап өтті. 

Мысалы, тек Жаңаөзен қаласы бойынша бұл бастама аясында 230 млрд теңге сомасына сатып алуларды өткізу жоспарланған. Бұл өңірдің экономикалық дамуы үшін қосымша серпін береді, — деді Үкімет басшысы.

А. Мамин "Самұрық-Қазына" қорының "қарапайым заттар экономикасын" іске асыруға белсене қатысатынын атап өтті. Бұл ретте құрылыс-монтаж жұмыстарын сатып алу кезінде отандық құрылыс материалдары мен жабдықтарын пайдаланудың маңыздылығын айтты. 

"Самұрық-Қазына"-ның сәтті тәжірибесі реттелетін барлық сатып алуларда, оның ішінде мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында мысал ретінде таралуы тиіс. Олардың жиынтық көлемі аса ауқымды және 15 трлн теңге көлемінде бағаланады, — деді А. Мамин. 

Премьер-Министр цифрлық технологиялар, машина жасау, химия, жиһаз, тоқыма, аяқ киім, өнеркәсіп, электр энергетикасы мен мұнай-газ жабдықтары салаларындағы отандық тауар өндірушілердің өнімдері көрмесімен, сондай-ақ имопорт алмастыруды одан әрі дамыту әлеуетімен танысты. 

Шараға 900-ге жуық адам — "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасы А. Есімов, "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов, ұлттық компаниялар басшылары мен қазақстандық бизнес өкілдері қатысты.

Форум аясында "Самұрық-Қазына" қоры, оның еншілес компаниялары мен отандық тауар өндірушілер арасында жалпы сомасы 35 млрд теңгеге жуық болатын оффтейк-келісімшарттары жасалды, сондай-ақ "Үздік сервистік компания", "Сенімді жеткізуші" және т. б. аталымдар бойынша жетекші отандық компанияларды марапаттау салтанаты өтті. 

Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist