Мемлекет басшысының Республикалық референдум өткізу туралы бастамасын бүкіл халық қолдап жатыр. Бұл туралы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «МузАРТ» ансамблінің мүшесі, әнші Сәкен Майғазиев айтты, деп хабарлайды Toppress.kz “Almaty.tv”-ға cілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Республикалық референдум өткізу туралы бастамасын бүкіл халық қолдап жатыр. Бұл – бұқара мен биліктің байланысын, бірлігі мен берекесін білдірсе керек. Бір тудың астында баянды да, бақытты ғұмыр кешейік. Мереке құтты болсын!, – деді әнші.
Айта кетейік, бүгін Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай концерт өтті.