• Последние

Меншік құқығын тану және өз бетінше салынған құрылысқа қатысты даулар: сот практикасының өзекті тұстары

2025/11/20 15:27

Театру имени Максима Горького присвоят национальный статус: коллектив выразил благодарность Президенту

2026/05/31 14:45

В Национальном музее Казахстана завершили модернизацию климатической системы

2026/05/30 12:48

Кто может попасть под уголовную и административную амнистии в Казахстане

2026/05/30 12:45

Казахстанские спортсмены сотворили историю на чемпионате мира Worlds в США

2026/05/30 12:42

Алматы вошел в топ-10 самых быстрорастущих технологических экосистем мира

2026/05/29 22:00

Эксперт: визит Владимира Путина в Казахстан открывает новый этап стратегического партнёрства

2026/05/29 21:03

Эксперт: цифровая трансформация открывает для Казахстана новые возможности развития

2026/05/29 19:30

Bloomberg: Казахстан укрепляет позиции как ключевой посредник и стратегический центр Евразии

2026/05/29 18:47

«Устранено 140 различных препятствий для торговли: от барьеров до ограничений» Бакытжан Сагинтаев по итогам заседания ВЕЭС

2026/05/29 17:54

По итогам заседания Высшего Евразийского Экономического Совета подписано два важных международных документа с Тунисом и Сербией

2026/05/29 17:42

«Обмен опытом, лучшие практики, гармонизация законодательства» ЕЭК и ООН закрепили сотрудничество

2026/05/29 17:34

Глава Минспорта взял под личный контроль скандал с зарплатой олимпийского чемпиона Михаила Шайдорова

2026/05/29 17:28
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/05/31/18:49
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Меншік құқығын тану және өз бетінше салынған құрылысқа қатысты даулар: сот практикасының өзекті тұстары

by Адиль Калиев
2025/11/20 15:27
in Мнение со стороны
A A

Бүгінгі күнге дейін мүлікке меншік құқығына, адал (адал емес) иеленуші деп тануға байланысты даулар өзекті болып табылады, деп хабарлайды Toppress.kz.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 23-бабына сәйкес, соттар азаматтық сот істі жүргізу тәртібімен заңмен белгіленген өзге тәртіп болмаған жағдайда, бұзылған немесе дауланатын құқықтарды, бостандықтарды және заңды мүдделерді қорғау туралы істерді қарайды және шешеді.

Жоғарыда көрсетілген заңдардың талаптарына сәйкес, заңды түрде алынған кез келген мүлік азаматтар мен заңды тұлғалардың меншігі бола алады.

Тіркеуге жататын мүлікке меншік құқығы оны мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап пайда болады.

Меншік иесі өз мүлкіне меншік құқығын тануды және заңсыз иеленіп алынған мүлкін қайтаруды талап етуге құқылы. Меншік иесінің иелену, пайдалану және билік ету құқықтары сот тәртібімен, заңда көзделген тәсілдермен қорғалады.

Мүлік иесінің болмауы, яғни оның қайтыс болуы жағдайында соттар меншік құқығын тану туралы талаптарды, ал мүлік иесі бар болған кезде мәмілені жарамды деп тану туралы талаптарды қарайды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 240-бабына сәйкес, мүліктің меншік иесі болып табылмайтын, бірақ адал, ашық және үздіксіз өз меншігіндей жылжымайтын мүлікке жеті жыл, ал өзге мүлікке кемінде бес жыл иелік еткен азамат немесе заңды тұлға бұл мүлікке меншік құқығын иеленеді (иелену мерзімі арқылы меншік құқығын алу).

Бұрын мұндай істер, егер меншік құқығына қатысты дау болмаған жағдайда, ерекше іс жүргізу тәртібімен — яғни, мүлікті меншіктік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен иелену, пайдалану және (немесе) билік ету фактісін белгілеу арқылы қарастырылған. Бұл иелену мерзімі арқылы меншікке құқық алу ұғымының құқықтық мәніне қайшы келетін, өйткені мұндай жағдайда құқықтың өзі болмаған.

Жоғарғы Соттың 2006 жылғы 20 сәуірдегі №3 «Иесі қалдырған тұрғын үйге құқық туралы дауларды соттардың қарау тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысының 12-тармағында иелену мерзімі арқылы меншік құқығын тану туралы талап қою іс жүргізу тәртібімен қаралуы тиіс деп көрсетілген.

Сондай-ақ Жоғарғы Соттың 2017 жылғы 31 наурыздағы №2 нормативтік қаулысында да иелену мерзімі арқылы мүлікке меншік құқығын тану туралы талаптар талап қою тәртібімен қаралатыны нақты айтылған.

Мұндай талаптар бойынша жауапкер мүліктің меншік иесі болып табылады. Егер ол иеленушіге белгісіз болса, жауапкер ретінде мүлікке талап қоюы мүмкін тұлға тартылады.

Егер талап қоюшылар болмаса, мұндай істер бойынша жауапкер ретінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі қатысады, себебі ол иесіз қалған мүлікке мемлекет атынан құқық талап етуге құқылы.

Сондай-ақ өз бетінше салынған тұрғын үйге меншік құқығын тану мәселесі де өзекті болып табылады.

Жоғарғы Соттың «Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 11-тармағында осы мәселеге қатысты толық түсіндірмелер берілген.

Осыған байланысты, өз бетінше салынған құрылысты меншік деп тану туралы талаптар барлық жағдайларда соттарда талап қою тәртібімен қаралады, өйткені мүдделі тұлға өзінің бұзылған немесе дауланған құқығын не заңды мүддесін құқық дауын шешу арқылы қорғау туралы талаппен жүгінеді.

Өз бетінше салынған құрылысты сот тәртібімен меншік деп тану – құқықты қорғаудың ерекше тәсілі болып табылады. Бұл тәсіл тек сол тұлға өзінен тәуелсіз себептермен жаңадан салынған немесе қайта құрылған жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана қолданылады. Мұндай жағдайлар қала құрылысы қызметіне және жер пайдалану қатынастарына байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілермен белгіленген тәртіпке сәйкес қаралады.

Мұндай талап жаңадан салынған жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді жеңілдету немесе жаңа объектілерді азаматтық айналымға енгізудің арнайы рұқсат алу тәртібін айналып өту мақсатында қолданылмауы тиіс.

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 73-бабының 2 және 4-тармақтарына сәйкес, салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру тапсырыс беруші тарапынан оның бекітілген жобаға толық сәйкестігі, сәйкестік туралы декларацияның, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы жөніндегі және атқарылған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі жөніндегі қорытындылардың болуы негізінде жүзеге асырылады.

Сондықтан өз бетінше салынған құрылыстың иесі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен жүгініп, құрылыстың белгіленген құрылыс және қала құрылысы нормалары мен ережелеріне сәйкестігін растайтын техникалық құжаттарды алуға, содан кейін жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тіркеуге өтініш беруі қажет.

Егер уәкілетті орган бас тартса, талапкер мемлекеттік органдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы талаппен әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгінуге құқылы.

Азаматтық кодекстің 244-бабының 3-тармағына сәйкес, өз бетінше салынған құрылысқа меншік құқығы ол салынған жер учаскесі өзіне тиесілі болмаса да, егер бұл жер учаскесі заңмен белгіленген тәртіппен сол тұлғаға салынған құрылысты орналастыру үшін берілсе, сотпен танылуы мүмкін.

Даудың түріне қарай, мұндай талаптар жер учаскесінің меншік иесіне немесе құрылыс салушыға (тапсырыс берушіге) қарсы қойылуы мүмкін.

Азаматтық кодекстің 240-бабына сәйкес, иелену мерзімі арқылы меншік құқығын тану туралы талап тек адал, ашық және үздіксіз иелену фактісі дәлелденген жағдайда ғана қанағаттандырылуы мүмкін.

Жоғарғы Соттың 2006 жылғы 20 сәуірдегі №3 «Иесі қалдырған тұрғын үйге құқық туралы дауларды қарау тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысының 13-тармағына сәйкес, иелену мерзіміне тұрғын үйді шарттық негізде (жалдау, сақтау, өтеусіз пайдалану және т.б.) иелену уақыты немесе тұрғын үй шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында болған кезең кірмейді.

Егер даулы тұрғын үйге иелік ету жалға алу шарты негізінде, яғни үй иесімен жасалған шарт бойынша жүзеге асырылса, онда бұл уақыт иелену мерзіміне есептелмейді.

Меншік иесі бар мүлікке меншік құқығын тану туралы талапты тек сол мүлік өз иелігінде тұрған тұлға ғана бере алады. Егер даулы мүлік талапкердің иелігінде немесе пайдалануында болмаса, мұндай талап қою мүмкін емес.

Мемлекеттік жер учаскесінде өз бетінше салынған құрылысты меншік деп тану туралы талап тек келесі шарттар болған жағдайда қанағаттандырылуы мүмкін:

– жергілікті атқарушы орган тарапынан үй салынған жер учаскесін заңда белгіленген тәртіппен беру туралы келісім болса;

– үйдің орналасуы заңға қайшы келмесе;

– нысан елді мекеннің бас жоспарына және қала құрылысы мен құрылыс нормаларына сәйкес келсе;

– техникалық және сейсмикалық сараптамалар, тұрғын үйдің сейсмикалық аймақтардағы құрылыс талаптарына сәйкестігі расталған болса;

– және үшінші тұлғалардың құқықтары мен мүдделері бұзылмаса.

Айта кету керек, мұндай даулар бойынша «бұрын пайда болған құқық» (құқықты ауыртпалық) деген ұғым бар.

Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 1-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес:

Басым мүдделер – бұл жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқықты ауыртпалықтар), олар осы Заңға және өзге де заңнамалық актілерге сәйкес құқықтық кадастрда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайды және мемлекеттік тіркеусіз де заңды деп танылады.

Бұрын пайда болған құқық (құқықты ауыртпалық) – бұл жылжымайтын мүлікке құқық (құқықты ауыртпалық), ол 1996 жылғы 1 наурызға дейін пайда болған және сол құқық туындаған сәттегі қолданыста болған заңнамаға сәйкес келген жағдайда заңды болып есептеледі. Мысалы, егер мүліктің бастапқы иесі оны Қазақ КСР-і кезеңінде иеленген болса, бұл жағдай «бұрын пайда болған құқық» ұғымына жатады. Сәйкесінше, мұндай мүлік иесінде оны ашық, үздіксіз және адал пайдалану мен иелену фактісі дәлелденсе, иелену мерзімі арқылы меншік құқығын тануға негіздер пайда болады.

Неке және ерлі зайыптылық Кодексінің 33-бабына сәйкес, некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған кезде жұбайлармен алынған мүлік олардың ортақ бірлескен меншігі болып табылады.

Поделиться
Твитнуть
Поделиться
Лайк

Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist

Total
0
Share