• Последние

Нәтижелерге жету өңірлермен үйлесімді сабақтастықтың нәтижесі – Мустафина Толғанай

2019/11/10 07:42

Казахстан станет первой зарубежной площадкой производства Li Auto

2026/07/01 11:18

Аномальная жара в Европе унесла более 1300 жизней: температурные рекорды

2026/07/01 10:47

Новая Конституция РК: Генеральная прокуратура заявила об усилении гарантий защиты прав граждан

2026/07/01 10:40

В Казахстане ввели новые жесткие правила для электросамокатов

2026/07/01 10:15

Новая конституция: волонтерство и благотворительность получили официальный статус в Казахстане

2026/07/01 10:04

С 1 июля 2026 года вступила в силу Конституция Республики Казахстан

2026/07/01 10:02

Золото демонстрирует худшую квартальную динамику почти за 13 лет на фоне ястребиного разворота ФРС

2026/06/30 22:39

Аида Балаева высказалась о предстоящем суде над Гульнарой Бажкеновой

2026/06/30 19:41
сгенерировано ии

Военнослужащим Казахстана стал доступен цифровой сервис для сообщений о правонарушениях

2026/06/30 19:18

«Самрук-Қазына» реализует проекты на 21 трлн тенге до 2029 года

2026/06/30 18:39
Фото: КГД

Евразийское лето-2026: от форумной дипломатии к экономике исполнения

2026/06/30 17:44
Кадр Sydney Morning Herald

Отец устроил стрельбу в детском центре в Германии: 6 погибших

2026/06/30 17:09
  • 18+
  • Наши контакты
  • О портале
  • Политика конфиденциальности
26/07/01/11:24
Toppress.kz
  • Казахстан
  • В мире
  • Спорт
  • Мнение со стороны
  • Еще
    • Сказано – сделано
    • Экономика
    • В мире
    • Казахстан
    • Закон и порядок
    • Рейтинги акимов
    • Культура
    • Общество
    • Интересное
    • Военная журналистика
    • Авто
    • Репортаж
    • Экология
    • Мнение со стороны
No Result
View All Result
Toppress.kz
No Result
View All Result

Нәтижелерге жету өңірлермен үйлесімді сабақтастықтың нәтижесі – Мустафина Толғанай

2019/11/10 07:42
in Казахстан

Дінтанушы, "Қоғамдық процесстерді зерттеу және талдау орталығы" қоғамдық қорының атқарушы директоры, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Философия кафедрасының PhD докторанты Мустафина Толғанай: Нәтижелерге жету өңірлермен үйлесімді сабақтастықтың нәтижесі.

            

  • Мемлекет тарапынан еліміздегі діни тұрақтылықты ұстап тұруға барынша жағдай жасалған. Нақты атқарылып жатқан қандай жұмыстарды тілге тиек етер едіңіз?
  • Осындан алты-жеті жыл бұрын Дін істері комитеті жанынан құрылған дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы жұмысының өзектілігі діни фактордың қоғамдық өмірде басымдылық танытуымен тұспа-тұс келгенімен байланысты десек болады. Сол жылдары еліміздің діни ахуалында келеңсіз жағдайлардың орын алуы да баршамызға мәлім. Осы жайттар тұрғындар арасында мемлекеттің дін саласындағы саясатын жете түсіндіру қажеттілігін, дін атын жамылған жат ағымдардың теріс ықпалының алдын алуды күн тәртібіне қоюды талап етті. Еліміздің өңір-өңірлерінде аймақтық ақпараттық-түсіндіру топтарының құрылуымен қатар, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (ары қарай РАТТ) жүйеленіп, оның құрамына еліміздегі білікті мамандар тартыла бастады. 

Ел аймақтарындағы жүргізіліп отырған жұмыстардың жетілдірілуіне байланысты уақыт өте келе топ құрамы өзгеріп отырады. Кей кезде жаңа кадрлар топқа қосылып жатады және, керісінше, кейбір топ өкілдері құрамнан шығып отырады. Соңғы жылдары РАТТ құрамына әйелдер аудиториясымен жұмыс жасай алатын, бірнеше тілге қабілеті бар мамандар, тәжірибелі психологтар, топпен және жекелеген азаматтармен, соның ішінде түзету мекемелерінде бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп жүрген азаматтармен сұхбат орнатуда біліктілігімен танымал мамандар тартылуда. 


Демек, Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы динамикалық өзгерістерге бейім және уақыт талаптарын ескеретін жүйе. 


  • Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы назарына көп жағдайда қандай топтар ілігеді?
  • Өңірлердегі жұмыстары барысында РАТТ мүшелері тек облыс орталықтарында ғана емес, жергілікті аудан-ауылдарға да шығып, тұрғындармен кездеседі. Соңғы уақытта нысаналы топтар ретінде жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететін азаматтар назарға алынуда. Бұған сәйкес, жұмыс жоспарларында еңбек ұжымдарынан бөлек, сауда орталықтарында, базарларда кездесулер қарастырылған. 

Нысаналы категорияларға байланысты тұрғылықты мекен-жайы бойынша жекелеген профилактикалық кездесулер де ұйымдастырылады. Әлбетте, аталмыш жұмыстар жергілікті дін саласындағы жауапты басқарма және дін мәселелерін зерттеу орталықтары тарапынан қолдау көрсетуімен жүзеге асырылады. Десек те, кейбір өңірлерде РАТТ жұмысы тиісінше ескерілмей қалуы да орын алуда. 


Айталық, кейбір өңірлерде Дін істері комитеті жанындағы РАТТ мүшелерінің келуіне ба йланысты нысаналы топтармен мәнді іс-шаралар жоспарланады. Ондай жағдайда екі күндік іс-сапарда кемінде үш сарапшыдан құралған жұмыс тобы бірқатар топтық және жеке кездесулерді ойдағыдай жүзеге асыра алады. Кей кезде кешкі уақытқа қарамастан деструктивті діни көзқарастағы азаматтардың тұрғылықты мекен-жайларына бару да тәжірибемізде бар. 


Әдетте өңірге жұмыс тобын құру барысында жергілікті дін істері бөлімшелерімен кеңесе отырып, өңір сұранысына сәйкес мамандарды тарту көзделеді. Қажеттіліктерді ескере отырып, зайырлы мамандар, теологтар, психологтардың біліктілігі, тәжірибесі негізге алынады. Мысалы, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында жергілікті дін істері бөлімшелерімен үйлесімді жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, өз кезегінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерінің РАТТ жұмысына елеулі үлес қосып отырғанын айта кеткен жөн. 


Алайда, жекелеген өңірлік басқарма немесе бөлімшелер тарапынан РАТТ жұмысын тиісті деңгейде ескермей қалу фактілері де орын алады. Кез келген өңірдің дін саласындағы мәселелі аймақтары бірінші кезекте сол өңірге мәлім екені сөзсіз. Және де сол жергілікті мамандармен тұрақты әрі жүйелі жұмыс жүзеге асырылып жүргені де белгілі. Олай болса, РАТТ мүшелерінің жұмысы сол жергілікті жүйелі жұмысты толықтыруды, жетілдіруді ғана алға мақсат етіп қояды. 


Биылғы жылы министрліктің қайта құрылуына байланысты РАТТ жұмысының басым бөлігі екінші жарты жылдыққа жүктелді. Соған орай, уақыт шектеулігі салдарынан бір айда үш-төрт облысқа қатарынан іс-сапар ұйымдастыруға тура келеді. Сәйкесінше, атқарылған жұмыстар бойынша есептер тапсырылады. Бірақ биылғы жылы кей кезде есептердің келісілу рәсімінің ұзаққа созылуы РАТТ жұмысын ары қарай жүзеге асыруға кедергі туғызуда.  


  • РАТТ-ның мемлекеттің дін саласындағы саясатын түсіндіруге бағытталған жұмыс үрдістеріндегі өзекті мәселелер қандай?
  • Біріншіден, жылдар бойы жүргізіліп отырған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының пәрмендігілі халықтың діни ахауалдың мән-жайы және деструктивті діни ағымдардың кері әсері жайында хабардар екендігімен байқалуда. Атап айтқанда, тұрғындардың көпшілігі мемлекеттің зайырлық қағидаттарын, еліміздегі дінаралық келісімнің жағымды әлеуетінің маңыздылығын қолдайды. Сондай-ақ, дін атын жамылған ағымдар туралы жалпылама түсінігі бар және олардан келетін қауіп-қатер жөнінде біледі. 

Дегенмен, тұрғындармен кездесулер барысында дін саласындағы мәселелерді реттеуге байланысты мемлекет тарапынан қабылданған кейбір ережелер діншіл азаматтар арасында дінге, нақтылап айтқанда, исламға қатысты шектеу нормалары ретінде қабылдану үрдістері байқалады. 

Екіншіден, соңғы кездері діни радикализм идеяларының қыздар-әйелдер ортасында белең таралуына байланысты 2018 жылдан бері арнайы түрде әйел жамағаттарымен, діндар әйелдер арасында түсіндірме жұмыстарына ерекше назар аударылуда. Бұл жұмыстың да өзінің спецификалық ерекшеліктері назардан тыс қалмайды. Атап айтқанда, жергілікті әйел жамағаттары діни сауаттылығын арттыруға деген ниеттерімен қатар психологиялық кеңестерге, қарым-қатынастар орнату дағдыларын жетілдіруге, отбасы қарым-қатынастарын реттеуге байланысты тиімді кеңестерге зәру және әлеуметтік-саяси өмірдегі орын алып жатқан жайттарға немқұрайлы емес. 


Ал, діни радикализм идеяларын ұстанатын әйелдер ортасында дін саласындағы саясатты қолдамау үрдістері ашық түрде байқалмауына қарамастан, олардың мемлекеттің ұстанымын іштей қабылдамай, қолдамайтыны білінеді. Түсіндерме кездесулер барысында олардың тарапынан алдағы кезде мемлекетіміз зайырлы қағидаттардан бас тартып, діни мемлекетке айналуы жайында астыртын ниеттері бар екендігін білдіреді. Егер діни радикалды идеологияны ұстанатын отбастары әдетте көпбалалы (кемінде 5-6 бала) екендігін назарға алсақ, алдағы 10-15 жылда мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын қолдамайтын жастар мен орта топтың келешектегі үлесі айтарлықтай алаңдатушылық туғызатынын болжауға болады. 


Аталған санаттағы азаматтардың қоғамдық өмірде белсенділік танытуынан бас тартуы, мемлекеттің саясатын іштей қолдамауы алдағы кезде елімізге деген жанашарлығы тапшы топтардың артуына әкелуі ықтимал. 


Келесі назар аударарлық жайттың бірі – жекеленген профилактикалық сұхбаттар барысында діндар азаматтар ішінде өздерінің ішкі ұстанымдарын каммуфляждау әдеттері орын алатыны аңғарылады. Нақтырақ айтқанда, діндар ер-азаматтарының мемлекет тарапынан заңдылық бұлтартпау шараларына ілігіп қалу қаупі, мемлекеттік қызметке орналасуда кедергілердің орын алу ықтималдығы оларды ішкі діни ұстанымдарын камуфляждауға негізгі факторлар десек болады. Сыртқы келбеттеріне зайырлылық қағидаттарына сәйкес өзгертулер енгізгенімен, бұндай азаматтар өздерін тиісті ортада қалай ұстау керектігін жете біліп, балаларын да осылайша ішкі діни ұстанымдарын жасыруға үйретеді. Аталмыш категориядағы азаматтардың осындай астыртын көзбояушылық әрекеттері алаңдатушылық туғызып отыр. 


Сонымен қатар, дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өңірлерде үйлестіру барысында түзету мекемелерінде де профилактикалық жұмыстар жүргізу күн тәртібіне қойылған. Діни экстремизм және терроризм баптары үшін жазасын өтеп жүргендер арасында бұл жағдайды Жаратушы иеден келген сың деп қабылдап, жасаған қылмыстары үшін өкінбейтіндер, жазаға тартылу мерзімін өтеуді ішкі діни ұстанымын шынықтыратын мүмкіндік ретінде қарайтындар кездеседі. 


Қазіргі уақытта өзін-өзі жұмыспен қамтитын топтармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу де қолға алынуда. Аталған санаттағы топтармен түсіндіру жұмыстары сауда орталықтарында, базарларда жүргізіледі. Назарға мұсылмандық тауарлар сату орындары да алынады. Кері байланыс орнату кездерінде ол саудагерлердің басым көпшілігі әйелдер, оның ішінде кәсіби мамандықтары бойынша мемлекеттік мекемелерде жұмысқа орналаса алмай, содан сауда саласында жұмыс жасап жүргендер екенін айта кету керек. Олардың тарапынан мемлекеттік ұстанымдарға деген ішкі наразылық орын алуы аңғарылады. 


  • Осы ретте, сіздер тарапыңыздан қандай ұсыныстар әзірленді?
  • Алдымен, ақпараттық-түсіндіру топтары жұмысының біріңғай электронды жүйесін қалыптастыру қажет деген ойдамыз. Атап айтқанда, ондай жүйеде өңірлердегі діни ахуалдың мән-жайы, жергілікті ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмыстары көрініп, РАТТ іс-сапарын жоспарлауда қажетті немесе әлсіз тұстарды ескеруге мұрындық болар еді. Аталмыш жүйе жіктелген болса, заман талаптарына, сұранысқа орай жетілдіріліп отырғаны абзал.

Өңірлердегі діни ахуалдың әр алуандылығын ескере отырып, Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының аймақтардағы жұмыс күндерін қайта қарастыруға болар еді. Мысалы, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарының діни ахуалын салыстыруға келмейді, дегенмен, бұл екі облысқа РАТТ жұмысы бірдей мерзімде қарастырылған.


Әйел жамағаттарымен жұмыс жасауда жоғарыда аталған  спецификалық мәселелерді ескере отырып, деструктивті діни көзқарастағы топтардағы  әйел-лидерлерін, "Жусан" операциясымен елге оралған және түбегейлі оңалған әйелдерді профилактикалық іс-шараларға тарту керектігі де айтарлықтай маңызды деп санаймыз. Бұл орайда алдын алу жұмыстарының ықпалы арта түсуі әбден   мүмкін.


Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысында қол жеткізіліп жүрген жетістіктермен қатар өзекті мәселелер де күн тәртібінде қалып отырғаны белгілі. Қандай да бір жағымды нәтижелерге жету өңірлермен үйлесімді сабақтастықтың нәтижесі деп білеміз. Қандай да бір мәселелердің сақталуы немесе жаңа сын-тегеуріндердің пайда болуы жұмысымызды ары қарай жетілдіруге деген талпынысымызды арттыруы тиіс. 





Казахстанский мультимедийный портал-агрегатор новостей. Агентство представлено на ключевых контентных платформах: интернет и социальные сети. Мы представляем главные новости Казахстана, СНГ и мира. Информационный портал TopPress.kz - это финансовые, экономические, политические новости Казахстана, аналитика, рейтинги, выводы и прогнозы, курсы валют и рынки ценных бумаг, драгоценных металлов, сырьевых и несырьевых ресурсов, новости банков, бирж, компаний.

Сайт создан компанией «Digital idea»

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

No Result
View All Result
  • Казахстан
  • В мире
  • Экономика
  • Общество
  • Интересное
  • Авто
  • Спорт
  • Медицина
  • Спасатели
  • Репортаж
  • Закон и порядок
  • Коронавирус
  • Личность
  • Криминальные новости
  • Экология
  • Культура
  • ЧП
  • Архив

Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного и сетевого издания №166332-ИА от 11.08.2017 года. Мнение редакции может не совпадать с мнением авторов и комментаторов сайта.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist