№ 9 қалалық емхана және Назарбаев Университетінің Медицина мектебі Дүниежүзілік Отбасылық дәрігер Күніне арналған іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты-халықтың Қазақстандағы отбасылық дәрігерлердің қызметі туралы хабардарлығын арттыру болып табылады, – деп хабарлайды Toppress.kz тілшісі.
№ 9 емхананың бас дәрігері Смагулова Сауле Каулешевна скрининг қандай мақсатпен жасалатыны жайлы баяндап берді.
Скрининг жүргізу емдеудің тиімділігін арттыруға және асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Скринингтік тексерулер тізіміне қан айналымы жүйесінің аурулары – жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертония, қант диабеті, глаукома және онкологиялық аурулар – сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, тоқ және тік ішек обыры енгізілген, – деді Смагулова Сауле.
Елорда тұрғыны өзінің тұрғылықты жері бойынша тегін скринингтен өтуге мүмкіндігі бар екені жайлы атап өтілді.
Скринингтік тексерулер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүргізіледі. Тұрғылықты жері бойынша өтуге мүмкіндік береді.
Скрининг кезінде сіз дене салмағының индексі, холестерин және глюкоза деңгейің аңықтау мақсатында экспресс диагностикадан өте аласыз.
Қазақстанда қан айналымы жүйесі ауруларын ерте анықтауға скринингтік тексерулер (артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы) 2008 жылы енгізілді. Басқа ауруларды ерте анықтауға арналған Ұлттық скринингтік бағдарлама 2011 жылы енгізілген.