Нұр-Сұлтан қаласында 10 қосымша стационар ашылды. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, – деп хабарлайды Toppress.kz.
Карантин басталған уақытта 3 стационар (1000-ға жуық орын) болса, қазіргі уақытта стационар саны 13-ке (немесе 3700-ден астам орын бар) көбейді. Қазіргі уақытта оның 87%-ы толды. Дәрігерлер азаматтарды емдеу үстінде, – деді қала әкімі.
Сонымен қатар Көлгінов эпидемиологиялық жағдай кезіндегі жүкті әйелдер туралы сөз қозғады.
Жүкті әйелдерге арнайы перинаталды орталық ашылды. Республикалық ұлттық ғылыми орталығында 240 орын аштық. Оның 40 орны – реанимация, кардиоорталықта 60-тан астам ауыр халдегі азаматтарға арналған реанимация ашылды. №1 аурухана толықтай коронавирус стационарына ауысты. Ол жердегі пациенттер басқа ауруханаға жіберілді. "Ramada Plaza" қонақүйінде 500 орындық стационар ашылды. Оның 60%-ы науқастармен толтырылды, – деді ол.











