Соңғы жылдары жастарды өз қатарына белсенді тартып жүрген деструктивті діни ағымдардың қызметі жанданды. Сарапшылардың бағалауына сәйкес, радикалды экстремистік ұйымдарға қатысушылардың орта есеппен 80% – ы жасы 17-ден 30 жасқа дейінгі адамдар болып табылады, деп хабарлайды Toppress.kz.
Спикерлер ретінде белгілі блогер Яков Федоров және волонтерлі, діни қызмет саласындағы сарапшылар – Уәлихан Тұрарбекұлы мен Мейрам Иманбаев қатысты.
Семинар барысында сарапшылар радикализм идеологиясының зияндылығын ашып, әлеуметтік желілерде жұмыс істеу дағдыларымен бөлісті, сондай-ақ елдегі еріктілер қозғалысының қызметі туралы әңгімеледі.
Нәтижесінде "KAZAKHSTAN WITHOUT EXТREMISM!" және жастар антиэкстремистік қозғалысы көшбасшыларының арасында мынадай номинациялар бойынша конкурс жарияланды:
«Әлеуметтік желілердегі үздік пост-жарияланым»,
«Діни экстремизмге қарсы әрекет бойынша үздік креативті акция»,
«Волонтерлік қозғалыстың үздік ұйымдастырушысы».
"KAZAKHSTAN WITHOUT extremism!" республикалық акциясы жастардың бойында антиэкстремистік сананы қалыптастыруға, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
Ағымдағы жылдың 21-22 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласында өткен Республикалық "Team building"-ке белсенді жастардың 25 өкілі қатысты.











