Кездесу барысында мемлекет басшысына «Астана» халықаралық қаржы орталығының қалыптасу барысы жөнінде мәлімделді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта бұл қаржы құрылымының тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті барлық құқықтық және ұйымдастырушылық база жасақталғанын атап өтті.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қазақстан Президентінің АҚШ пен Қытайға биылғы ресми сапарлары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады.

Келімбетовтің айтуы бойынша, «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысқа кіріскен кезден бері өзін халықаралық аренада танытып үлгерді. Халықаралық рейтинг агенттіктерінің мәліметтеріне сәйкес, бұл орталық әлемдік 100 қаржы орталығының ішінде 61-орынға, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірі бойынша 2-орынға ие болып отыр.

Сондай-ақ, кездесуде Мемлекет басшысына жекешелендіру және Қазақстан компанияларының акцияларын IPO-ға шығару үдерісінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының мүмкіндіктерінің пайдаланылуы жөнінде мәлімделді.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Подпишитесь на нашу рассылку

Будьте в курсе последних новостей, получайте свежие статьи и видеообзоры.

Вам также может понравиться

Сотрудница перевела со счета “Казахалтына” 1,5 млрд тенге и пропала вместе с деньгами

Громкое дело расследуют в Акмолинской области. 23 февраля представители АО ГМК “Казахалтын”…

Очевидцы: Пожар на автомойке в Нур-Султане, более десятка машин сгорело

В столице  произошло обширное возгорание автомойки “Батыр” по улице Алтынсарина. По словам…

РЕЙТИНГ АКИМОВ: ИТОГИ НОЯБРЯ-ДЕКАБРЯ. РЕГИОНЫ В ПЕРИОД ПОЛИТИЧЕСКОГО МЕЖСЕЗОНЬЯ

Решения правительства по скорейшему оснащению и подготовке регионов к вероятной новой волне…

РЕЙТИНГ АКИМОВ: ИТОГИ 2020 ГОДА

2020 год оказался переломным для государственной системы управления во всех отношениях. Реформы…