Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлері Металлург күнімен құттықтады.
Құрметті металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен құттықтаймын! Бұл мейрам сіздерге деген құрметтің және ерен еңбектеріңізді мойындаудың символы саналады.Кезінде маған маңызды өмірлік тәжірибе берген, қайратымды шыңдаған және сенімді достар табуға септігін тигізген металлург кәсібін таңдағанымды мақтан етемін, – деп жазылған Елбасының ресми сайты таратқан құттықтауда.